Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

 Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады.

Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген.

– Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев.

Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды.

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу 19 наурызда аяқталады.

Думан Жұмашұлы,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *