Қарағандыда «Даңқы – мәңгілік «фотокөрмесі ашылды

 Қарағандыда «Даңқы – мәңгілік «фотокөрмесі ашылды

Қарағандыда «Ел мен жердің жеңісі» кітап көрмесі мен «Даңқы – мәңгілік «фотокөрмесі ашылды.

Н. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңір тұрғындары мен қонақтарын әдемі әлемге енуге шақырады.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында қызықты экспозициялар дайындалды.

Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс-фашистік басқыншылармен соғысқан қазақстандық жауынгерлердің ерліктеріне арналған әдебиеттер ұсынылды.

Ал фотокөрмеде көрермендер «Индустриалды Қарағанды» фотокорреспонденті Александр Марченконың, ҚР ҚМ Приозерск гарнизонының баспасөз қызметінің бастығы лейтенант Думан Құрманғалиевтің және № 95 мектеп-гимназиясының 4 «Б» сынып оқушысы Максимилиан Мазурдың қызықты жұмыстарын тамашалайды. «Біз жауды жеңу үшін өмірлерін аямайтын соғыс ардагерлерінің басына тағзым етеміз. Олар бізге бейбіт аспан сыйлады», – дейді ұйымдастырушылар.

«Ел мен жердің жеңісі» және «Ер даңқы – мәңгілік» экспозициялары дүйсенбі, 6 мамыр күні ашылды.

Көрмелер 10 мамырға дейін жұмыс істейді.

Әсет ҚАМСЫЗҰЛЫ  

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *