Астанадағы «Ақ пен қара» фотокітабының таныстырылымы

 Астанадағы «Ақ пен қара» фотокітабының таныстырылымы

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың «Ақ пен қара» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұсаукесерге министрлік өкілдері, белгілі қаламгерлер, ақындар, депутаттар мен фотографтың отбасы мүшелері қатысты.

«Ақ пен қара» кітабы

«Ақ пен қара» кітабы фотожурналистің 85 жылдығын атап өту аясында жарық көрді. Аталған еңбекке Сайлау Пернебаевтың осыдан 60 жыл бұрын түсірген таңдаулы суреттері енді.

«Сайлау ағамыздың 60 жыл бұрын түсірген суреттері назарларыңызға ұсынылып отыр. Ол кісінің мұрағаты өте бай. Алғашқы кітапқа ағамыз түсірген суреттердің 25-30 пайызы ғана енді. Екінші еңбек сұранып тұр. Ол қазір жинақталып жатыр. Фотолар негатив нұсқасында сақталған. Қазір оларды ұлы Ербол Сайлауұлы цифрлық нұсқаға көшіріп жатыр», — деді белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлы.

Шарада сөз алған Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп қазақ халқының бүтін бір дәуірі Сайлау Пернебаевтың объективі арқылы суреттелгенін атап өтті.

«Сайлау Пернебаев таспалаған фотоларды көріп отырып, сонау дәуірлерге саяхаттап келгендей болдық. Қазақ тұлғаларының әр қыры, әр сәті ағамыздың жанарынан қалыс қалмаған екен. Еркін, сырты да, іші де сұлу кісі еді», — деп еске алды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Кітаптың тұсаукесерімен қатар, көрме ұйымдастырылды. Келушілер назарына фототілшінің бірегей туындылары ұсынылды.

«Ақ пен қара» кітабы
Айта кетейік, Сайлау Пернебаев бірнеше мәрте Қазақстан журналистер одағының және республикалық комитеттің сыйлығымен марапатталды. Ғұмырының 40 жылдан астамын осы салаға арнаған, қазақстандық фотожурналисткасының қалыптасуына өз үлесiн қосқан тұлға.
«Ақ пен қара» кітабы«Ақ пен қара» кітабы«Ақ пен қара» кітабы«Ақ пен қара» кітабы
Фото: Адлет Беремкулов/ «ҚазАқпарат» ХАА

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *