Байжансай

 Байжансай

Байжансайдың табиғаты  туристерді тартуға тұрарлық

Байжансайда кездескен ескі мүсін

Шымкенттен  140 шақырым қашықтықта орын тепкен Қаратау тауының баурайында орналасқан ауылда кезінде қайнаған тіршіліктің орны болған

Қойнауы құтқа толған Байжансайдың мәдениет үйінің қазіргі көрінісі. Байжансайда аурухана, мектеп, монша, клуб, тіпті қонақүйге дейін салынған.

Байжансайдың талай түлектерін үлкен өмірге аттандырған орта мектебі.

Он сегіз көпірден ары-бері өтіп, жартас жағалап жүріп отырасыз.

Табиғаты терең тарихтан сыр шерткен Байжансай аймағы

Байжансай кентінде Кеңес одағы тұсында кен өндірілген. Қаратау тауының баурайында орналасқан ауылда шикізаттың мол қоры игеріліп, аты әлемге белгілі болған. Яғни, өткен ғасырдың 35-жылдары салынған шахта 90- жылдарға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген.

Ауылдың табиғаты ерекше, шатқалдар мен екі жақтан қоршап тұрған жоталар көрінісі терең ойға салады.

Суреттерді түсірген-Нахып Шынтеміров, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *