Этнофотограф Оңғарбек Алхаровтың «Наурыз нақыштары» атты мерекелік жеке фотокөрмесі өтеді

 Этнофотограф Оңғарбек Алхаровтың «Наурыз нақыштары» атты мерекелік жеке фотокөрмесі өтеді

2025 жылдың 17 наурыз күні сағат 11:00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің фойесінде этнофотограф, ұстаз Оңғарбек Алхаровтың «Наурыз нақыштары» атты мерекелік жеке фотокөрмесі ашылады.

Шараны ұйымдастырушылар: «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы.

ҚР Көркем Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер Одағының және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі, суретші-дизайнер, этнофотограф Оңғарбек Есенбайұлы Алхаровтың «Наурыз нақыштары» атты мерекелік жеке фотокөрмесі – қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен Наурыз мейрамының көркем бейнесін айшықтайтын ерекше шығармашылық жоба.

Көрмеге Наурыздың сән-салтанатын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық киімдерді, дәстүрлі ойындарды және көктемгі жаңару рухын бейнелейтін 30-ға жуық фототуынды қойылып отыр. Көрмедегі шығармалардың арасында Журналистика факультетінің оқытушылары мен осында оқитын шетелдік студенттердің ұлттық киімдегі бейнесі де үйлесімді орын тапқан.

Фотокөрмеде автордың объективі арқылы қазақ мәдениетінің терең тамыры мен бүгінгі заманмен тамаша үндестігі көрініс тапқан. Бұл көрме ұлттық мұраны насихаттап, көрермендерді қазақ халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысуға шақырады.

Көрменің кураторы: өнертану ғылымдарының магистрі, PhD докторант, фотожурналист Дәурен Мақсұтханұлы.

Ұйымдастыру алқасы

Тел: +7 702 263 99 99, + 7 707 548 95 05. E-mail: dauryatm@gmail.com

***

ПРЕСС РЕЛИЗ

Персональная праздничная фотовыставка этнофотографа Онгарбека Алхарова «Наурыз нақыштары»

17 марта 2025 года в 11:00 в фойе факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби состоится вернисаж праздничной персональной фотовыставки этнофотографа, педагога Онгарбека Алхарова «Наурыз нақыштары» («Мотивы Наурыза»).

Организаторы мероприятия: Республиканское общественное объединение «Фотоөнер» («Фотоискусство») и кафедра издательско-редакторского и дизайнерского искусства факультета журналистики.

Праздничная персональная фотовыставка «Наурыз нақыштары» Онгарбека Есенбайулы Алхарова, члена-корреспондента Академии художеств Республики Казахстан, члена Союза дизайнеров Казахстана и общественного объединения «Фотоөнер», магистра искусствоведения, художника-дизайнера, этнофотографа, является уникальным творческим проектом, раскрывающим национальные традиции казахского народа и художественный образ праздника Наурыз.

На выставке представлено около 30 фотографий, запечатлевших великолепие Наурыза, быт народа, национальные костюмы, традиционные игры и дух весеннего обновления. Среди работ выставки также гармонично представлены изображения преподавателей факультета журналистики и обучающихся здесь иностранных студентов в национальных костюмах.

Фотовыставка через объектив автора отражает глубокие корни казахской культуры и ее совершенную гармонию с современностью. Данная выставка пропагандирует национальное наследие и приглашает зрителей ближе познакомиться с богатой культурой казахского народа.

Куратор выставки — магистр искусствоведения, PhD докторант, фотожурналист Даурен Максутханулы.

Организационный комитет

Тел: +7 702 263 99 99, + 7 707 548 95 05. E-mail: dauryatm@gmail.com

***

PRESS RELEASE

Personal festive photo exhibition of ethnophotographer Ongarbek Alkharov «Nauryz nakyshtary»

On March 17, 2025 at 11:00 in the foyer of the Faculty of Journalism of the Al-Farabi Kazakh National University there will be a vernissage of the festive personal photo exhibition of ethnophotographer, teacher Ongarbek Alkharov «Nauryz nakyshtary» («Motives of Nauryz»).

Organizers of the event: Republican public association «Photooner» («PhotoArt») and the department of publishing, editorial and design art of the Faculty of Journalism.

The festive personal photo exhibition «Nauryz nakyshtary» by Ongarbek Yesenbayuly Alkharov, Corresponding Member of the Academy of Arts of the Republic of Kazakhstan, member of the Union of Designers of Kazakhstan and the public association «Photooner», Master of Arts, artist-designer, ethnophotographer, is a unique creative project that reveals the national traditions of the Kazakh people and the artistic image of the Nauryz holiday.

The exhibition presents about 30 photographs that capture the splendor of Nauryz, the life of the people, national costumes, traditional games and the spirit of spring renewal. Among the works of the exhibition, there are also harmoniously presented images of teachers of the Faculty of Journalism and foreign students studying here in national costumes.

The photo exhibition through the lens of the author reflects the deep roots of Kazakh culture and its perfect harmony with modernity. This exhibition promotes national heritage and invites viewers to get to know the rich culture of the Kazakh people better.

The curator of the exhibition is Master of Arts, PhD doctoral student, photojournalist Dauren Maksuthanuly.

Organizing Committee

Tel: +7 702 263 99 99, + 7 707 548 95 05. E-mail: dauryatm@gmail.com

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *