Фархаттың фотоәлемі

 Фархаттың фотоәлемі

Фархат Қабдықайыров 1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алған. Математика ғылымдарының кандидаты. 1977 жылдан бастап фотография саласында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда алты кітаптың авторы.

Фархат  бала кезінен түрлі көбелектер жинауды ұнатқан. Уақыт өте олардың әдеміліктерін сақтап қалу үшін оларды суретке түсірумен айналыса бастайды, осы кезден бастап фотография оның өмірлік ісіне айналды.

Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде оқып жүріп Фархат оқудан бөлек жаңа фотоаппарат, объектив немесе ұлғайтқыш сатып алу үшін көше тазалаушы, жүк тиеуші және телефон операторы болып түрлі жұмыс істеген. Шет елде жүрген студент туған қаласын қатты сағынады. Елге келгенде достарымен тауға шығып, қаланың әсем табиғатын суретке түсірумен әуестенеді.

Оқу бітірісімен Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика институтына инженер болып жұмысқа тұрады. Институт директоры Блиев Назарбай Қадырұлы жас маманнын кандидаттық диссертацияларынан үлкен жетістіктер байқады. Оның бірі «қорғауға» арналған тақырып. Сол мақала КСРО Ғылым академиясының «Известия» ғылыми журналының 67 бетінде жарияланған. Осыдан кейін бірден аға ғылыми қызметкер етіп тағайындап, үш жыл ҰҒА  жұмыс істегеннен кейін Әдебиет және өнер институтына фотограф болып орналасады,осы кезден оның фотоөнер жолында кәсіби мансабы басталды.

Батыс журналдарынан ақ-қара және түрлі-түсті пленкаларға арналған материалдарды бірте-бірте жинап, Мәскеудегі Ленин атындағы кітапханада қалай және не түсіру керек, қандай фильтр қолдану керектігін оқып,өз бетімен ізденіс жасайды.

Фархат Қабдықайыров  Фотоөнер жолын Кеңес дәуірінде ақ-қара пленкадан бастаған. Қазіргі таңда әлемдегі ең мықты камералармен жұмыс жасайды. Олар: Hi End класс брендтері, Nikon, шведтік Hasselblad, даттың Phase One, швейцариялық Alpa, сондай-ақ ең жақсы неміс және жапон оптикасын пайдаланады.

— Аппарат сатып алғанда ойланбай, бірден аламын, өйткені сол камерамен жоғары сапалы суреттер түсіретінім анық. Әрине, егерде барлық суреттерді түсіретін идеалды фотожүйе болса, мен оны сатып алып, қалғанын лақтырып жіберер едім. Өкінішке орай ондай фотоаппарат әлі дүниеге келген жоқ. Сондықтан әр түрлі аппараттармен жұмыс жасауға тура келеді. Ең жақсысы – Nikon, бірақ орташа форматтағы аппараттар да сапалы болып келеді – дейді фотограф.

200 мың еуролық жабдықпен түсірген суреттері 2006-2007 жылдарға дейін өз сапасын сақтады. Аппаратқа фотограф ақша аямайды. Адам көзімен көргені мен түсіргені екі түрлі. Суреттерді қалай көреді, солай өңдейді. Шығармашылық көзбен қарағанда, Photoshop көмегімен өңделмеген суреттен панорамалық фотосурет жасау өте қызықты, шығармашылық процесс.

Info Shymkent - Bayanaul National Park is one stop at our tour through Kazakshtan (Image: Farhat Kabdykairov)

«Фотоөнер» ҚБ мүшесі, фотограф Фархат Қабдықайыровтың тоғыз альбомы бар, Қазақстан туралы бұл  полиграфиялық өнімдер команданың  9 жылдық еңбегінің нәтижесі. 2011 жылы Қазақстанның әдемі жерлерін аралап шыққаннан кейін «Жабайы табиғат» альбомы шықты. Аңшылардың көптігінен жабайы аюлар, қасқырлар, арқарлар қашып, тығылғандықтан, Қазақстанда бұл альбомды түсіру қиын болған. «Қазақстан – қызғалдақтар мекені» альбомының жарық көруі оның досы, марқұм Олег Биляловтың  идеясы. Жуырда бас қала- астанамыздың ерекше бейнелерімен  «Түнгі Қазақстан» альбомы жарық көрмек.

Info Shymkent - Impressive mountain landscape of east Kazakhstan (Image: Farhat Kabdykairov)

Info Shymkent - Kazakhstan's largest city Almaty on our tour through Kazakhstan (Image: Farhat Kabdykairov)

Info Shymkent - Bozzhira tract at the Ustyurt plateau in Kazakhstan (Image: Farhat Kabdykairov)

Фархат Қабдықайыров бала кезінен Бали мен Калимантандағы әлемдегі ең үлкен көбелектерді түсіруді армандаған. Фотографтың қоржынында Мәскеудегі әлем чемпионатындағы ең ұлы футболшылардың, сондай-ақ әлемдік теннис жұлдыздары Джокович пен Надальдің суреттері бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://www.alpa.swiss/photographers/kabdykairov-farkhat
  2. http://old.vecher.kz/how2rest/farkhat-kabdykairov-lyublyu-svoyu-professiyu-za-brodyazhnichestvo
  3. https://businessfm.kz/culture/farhat-kabdykairov-mogu-vyjti-na-mirovuyu-foto-scenu
  4. https://www.shymkent.info/2020/11/16/photographer-farhat-kabdykairov-mathematical-solutions-for-composition-light/

Аударып, дайындағандар:

Данагүл Әбдікәрімова, Анель Абзалбекова.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *