«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы меморандумға қол қойды

 «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы меморандумға қол қойды

Алматы қаласында «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды photooner.kz.

Республикалық «Ауыл» партиясының Алматы қаласындағы кеңсесінде өткен салтанатты шараға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Президенті, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Әбдірайым, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Байоразұлы Қоңырбаев, Бірлестіктің мүшелері, ардагер фотожурналист Нұрмамбет Қизатұлы, фотожурналист Дәурен Мақсұтханұлы, студент Қуаныш Дәуіт және партия мүшелері қатысты.

Бұл меморандум негізіндегі басты мақсат — Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бір бағыты — ауыл өмірінің бейнесін фотоөнер арқылы кеңінен насихаттау, ұлттық мұраны сақтауға бағытталған жобаларды бірлесе іске асыру, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау.

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы алдағы уақытта ынтымақтастықтың мынадай бағыттары бойынша келісімге келді: Ауыл тақырыбына арналған фотокөрмелер мен байқаулар ұйымдастыру; фотоэкспедициялар мен шығармашылық сапарлар өткізу; жас фотографтар мен студенттерге арналған оқу семинарлары, тренингтер; тақырыптық фотожобаларды жариялау, PR-науқан ұйымдастыру; цифрлық фотоөнерді қолдана отырып ауылдық жерлердің дамуын визуалды құжаттау жұмыстары жүргізіледі.

Кездесуде Ахметбек Байоразұлы «Ауыл» партиясының негізгі 25жылдық қызметі мен жұмыс бағыты жайлы қысқаша айтып бастап, соңынан шағын бейнефильм көрсетті.

Өз кезегінде Асылхан Әбдірайымұлы да 15 жылдық тарихы бар Бірлестіктің жұмысы жайлы қысқаша таныстырып өтіп, еліміздегі жалғыз қазақтілді фотожурналистер мен фотосуретшілердің заңды һәм ресми бірлестігі қалай құрылғандығы жайлы баяндайтын шағын бейнеролик көрсетілді.

Содан кейін Ахметбек Байоразұлы мен Асылхан Әбдірайымұлы бір мақсатқа бағытталған меморандумға қол қойып, өз мөрлерімен бекітті.

Кездесу соңында ардагер фототілші Нұрмамбет Қизатұлы сөз алып, бұл шараның маңыздылығына тоқтала келіп, мынадай арнау өлеңімен сөзін аяқтады:

Мейірім нұры тамған келбетінен

Анасыз бесік бар ма тербетілген?!

Көкте күн, жерде «Ауыл» партиясы болмағанда

Ауылымыз жойылмай ма, жер бетінен?

 

Алтынды қанша көмсең тот баспайды

Ащы тері алынбай ат шаппайды.

Аманат арқалаған партияны –

Халық тұрмақ қарап тұр,

алаңдап Алматының көк аспаны.

 

Адам едік бұрындары көріспеген

Қосылды өрісіміз өрістермен

Жолбарыс жортқан жолға біз де түстік

Ықылас ынтымақпен тегістелген.

 

Құтты болсын құжаттар мөр басылған

Көрінетін қуаныш төр басынан.

Қайырымын берсін жігіттерге

Қайырған сары майдай тортасынан.

 

Сау болайық келер күз көріскенше

Наурыз жаңа жылда көже ішкенше.

Мөр басқан құр қағазда қайыр бар ма

Талқанын тағдыр жазған бөліспесе?!

Дәурен Мақсұтханұлы, фотожурналист

Фотоларды түсірген автор

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *