Фотография мерекелері

 Фотография мерекелері

Әлемде фотографияға қатысты үш мерекелік дата бар. Бүгін сіздерге сол мерекелердің шығу тарихына тоқталамыз.

1) 7 қаңтар — Фотографияның туған күні

1839 жылы Париж академиясының кезекті мәжілісінде өнертапқыш Л.Ж. Дагер ойлап тапқан дагереотипия  алғаш рет жарияланды. Сондықтан 1935 жылы өткен IX Халықаралық ғылыми және қолданбалы фотография конгресінде, 1839 жылғы 7 қаңтарды тарихи күн — фотография ойлап табылған күн деп санауға шешім қабылдады.

Л.Ж.Дагер  

Л.Ж.Дагер. Шеберханада. 1938 ж. Ұсталым (выдержка) 30 минут. Дагеротипия

2)  12 шілде — Фотограф күні

Рим папасы, әулие Вероника күнін фотограф күні деп бекіткен. Бұл әйел ежелгі заманда, Голготаға Крестке барар жолда Иса Мәсіхтің бетін шүберекпен сүртті,оған су берді, бетіндегі тер мен қанды жуды. Вероника Құтқарушының бетін сүрткен матада оның жарқын жүзі қалды, соның арқасында әйел алғашқы «фотосуреттің» жасаушысы ретінде тарихта қалды (аңыз).Бұл шешімге және бір септігін тигізген,1854 жылы 12 шілдеде Кодактың негізін қалаушы Джордж Истман дүниеге келді, өйткені ол «фотографияны бәріне қол жетімді етті».

Фотографтар күні көптеген елдерде аталып өтіледі. Ал Америка Құрама Штаттарында ерекше, онда бұл іс-шараны Президент қолдайды және бұл күні өткізілетін іс-шаралар федералды бюджеттен қаржыландырылады. Бұл күні жетекші фотографтар жаңадан бастаушыларға тегін шеберлік сабақтарын өткізіп, саябақ, көркем галереяларында көрмелер ұйымдастырылады.

Ресейде, бүкіл әлемнен  атақты фотошеберлерді елге тарту мақсатында, фестивальді фотограф күніне орайластырған. Отбасы, репортаж және экстремалды фотография бойынша семинарлар ұйымдастырылады. Фестивальдің шарықтау шегі — «Жыл фотографы» беделді кәсіби марапатын табыстау. Іс-шара 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.

3) 19 тамыз — Дүниежүзілік фотография күні

1839 жылдың осы күні Д.Ф. Араго Ғылым академиясының атынан Франция парламентінің депутаттар палатасында сөз сөйлеп, онда фотосуретті халықтың меншігі ретінде жариялау туралы шешім қабылданды. Ал Дагер мен Ньепстің мұрагерлеріне фотографияны ойлап тапқаны үшін, өмір бойы зейнетақы тағайындалды. Яғни, Франция үкіметі Дагердің патентін көпшілікке қолжетімді етті және оны «әлемге сыйлық» деп жариялады.

Франция парламенті. 19.08.1839

Дайындаған-Асылхан Әбдірайым

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *