Тегтер : Асылхан Әбдірайым

Қазақстандық фотосуретшілер тәуелсіздікке тарту жасады

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы және Қазақстан авторлары қоғамы мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларды, ұлттық салт-дәстүрді, өңірлердегі тіршілікті назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары қойылды. Шараның мақсаты – егемен ел ретіндегі отыз жыл ішінде фотосуретшілердің объективтеріне […]

Фотография мерекелері

Әлемде фотографияға қатысты үш мерекелік дата бар. Бүгін сіздерге сол мерекелердің шығу тарихына тоқталамыз. 1) 7 қаңтар — Фотографияның туған күні 1839 жылы Париж академиясының кезекті мәжілісінде өнертапқыш Л.Ж. Дагер ойлап тапқан дагереотипия  алғаш рет жарияланды. Сондықтан 1935 жылы өткен IX Халықаралық ғылыми және қолданбалы фотография конгресінде, 1839 жылғы 7 қаңтарды тарихи күн — фотография […]

Фотосуреттің ерекше бағыттары

Фотосуреттің даму тарихында көптеген жанрлар қалыптасты және уақыт өте келе басқалары пайда болды. Олардың барлығы классикалық жанрлардан басталады: натюрморт,пейзаж,сәулет,портрет, көше фотосуреті, репортаж және т.б. кейде кейбір фотосуреттер бірден бірнеше жанрға қатысты болуы мүмкін. Аэрофототүсірілім Атмосфералық ұшу аппараттарында(ұшақ , тікұшақ,дрон квадракоптер,ұшқышсыз) орнатылған кезде аумақты жүздеген метрден ондаған километрге дейінгі биіктіктен суретке түсіру. Сұлулық (beauty)- фотосурет Фотосуреттегі […]

Фотография: Композиция негіздері

Кәсіпқойлар жиі, біз фотографияны түсірмейміз «жасаймыз» деп айтады. Сондықтанда фотошығармашылықтағы әрбір, ойластырылған жетістік  төрт аспектіні құрайды: Тақырып-Композиция-Жарық-Экспозиция. Тақырып. Көпшілік отбасылық тарихты құжаттандырады. Олар- туған күн,үйлену тойы,түлектер кештері немесе демалыстар. Басқалар табиғат немесе спорт. Ал кейбіреулер нағыз өнер туындыларын жасайды. Композиция. Жақсы композиция дегеніміз – түстердің, кескіндердің, фактуралардың үйлесімділігі мен бірлігі. Жарық. Пейзаж түсірушілер жиі «жарықты […]

Фотография жанрлары

Фотография жанрлары, негізінен алғанда: портрет, пейзаж, архитектуралық (сәулеттік) түсірілімдер, интерьер (ғимараттың ішкі көріністері), жанрлық фотография (тақырыптары: балалар, спорт, жануарлар т. т.), фоторепортаж сияқты түрлерге бөлінеді. Алайда, фотография өнерінің жанрларын осылармен ғана шектеуге әсте болмайды. Мәселен, қазіргі кезде ғылыми фотография, ғарыштық фотографиялар кең етек жайған. Сонымен қатар кей кездерде аталған жанрлардың өзара астасып, бір-біріне сіңісіп кететінін […]

Фотография: Жарық және оның түрлері

Түсірілетін нысана жарықпен жеткілікті қамтамасыз етілсе, оны түсіру оңайға соғып, ұсталымды (выдержка) азайтуға мүмкіндік туады. Бірақ мәселе жарықтың мөлшерінде емес, ең бастысы оның бағытында. Суреттегі заттардың пішіні, көлемі, фактурасы жарыққа байланысты. Ауа кеңістігінің берілуі мен перспективасы жарықтың арқасында жүзеге асады. Кез келген қол шамды алып, кішігірім, нысанаға жарықты әртүрлі нүктеден берсеңіз, оның түр – түсінің […]

Фотография: Экспозиция негіздері

Әр кадр үшін белгілі мөлшерде жарық (экспозиция) керек. Фотоаппаратта жарық ағымын реттеу үшін үш мүмкіншілік бар. Олар: диафрагма, ұсталым және сезімталдық деңгейі (чувствительность).  Сезімталдық тек қалқамен (диафрагма)  ұсталымды (выдержка) өзгертуге мүмкіндік жоқ кезеңде ғана қолданылады. Қалқа (диафрагма)  бен сәулелеу уақыты өте тиімді көркемдік құралдар қолдануға оңай болуы үшін алдымен бұлар не екенін біліп алайық. Қалқа […]

Фотография: Әйнеккөз (объектив) және оның түрлері

Суретке түсіру әйнеккөзі фотоқұжаттың жарық сезгіш қабатында суретке түсiрілмекші нысананың жарық сәулелік кескінін тудырады. Объектив металл немесе пластмасса құрсау ішіне орналастырылған бірнеше (10- ға дейін, кейде одан да көп) линзалардан құралады. Құрсау ішінде сонымен қатар әйнеккөз механизмі, кейде фотографиялық шымылдық та орналасады. Құрсау линзалардың өзара дәл орналасуын қамтамасыз етеді және оларды механикалық зақымданудан сақтайды. Әйнеккөз […]

Фотография: Фото керек-жарақтары (фотоаксессуары)

Фотография дүниеге келген ілкі замандарда суретке түсіру үшін фотокамерадан басқа тек жарқылдақ шам (вспышка) және тірек (үштаған) қажет болатын. Бүгінгі таңда әртүрлі жерге, жағдайға байланысты жүзге жуық неше түрлі құрал-жабдықтар қолданылады. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында фотограф үшін ең маңыздысы түсірілім кезінде камераның тұрақтылығы үштаған және басқа да тәсілмен қамтамасыз етілді. Себебі ол […]

Фотография: Фотоаппараттың кұрылысы және түрлері

Фотоаппарат — жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке түсіру әйнеккөзінен (объектив), суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкаға сәттік жарық түсу мөлшерін реттеп тұратын серіппелі жапқы — шымылдықтан (затвордан) және фотопленка салынатын кассетадан (қазіргі кезде – пленка орнына матрица қолданады)   кұралған оптикалык-механикалық құрылғы. Фотографиялық жапқы –шымылдық (затвор) суретке түсіру кезінде, жарық сәуленің фотопленканың жарық сәуле […]