Фотожурналист анықтамалығы: Б
БАГАЕВ Д.П. – Дмитрий Поликарпович Багаев (5 қыркүйек 1884, Туманы ауылы (қазіргі Киров облысы), Ресей империясы – 23 шілде 1958, Павлодар, Қазақ КСР) – фотограф, өлкетанушы, облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ «Р» РЕЖИМ І – Фотоаппараттағы P режимінде түсірілім ұзақтығын және диафрагманы камераның өзі таңдайды. Экспозициялық жұп. Түсірілім ұзақт ығы мен диафрагманың мәндері экспозициялық жұпты құрайды. мысалы 1/30 және f8, 1/60 және f5.6, 1/125 және f4 және т.б. Экспозиция жұбы кадрдың экспозициясын анықтайды.
БАЙОНЕТ – объективтің байонеті (фр. baïonnetteштык) – линза жақтауын фотографиялық, кинотүсірілім аппараттарына, бейнекамералар мен сандық кинокамераларға бекітуге арналған байонеттік қосылыстың бір түрі. Қазіргі заманғы жабдықта байонет тек механикалық ғана емес, сонымен қатар электронды интерфейс болып табылады, объектив пен камераның микропроцессорларын электр контактілері арқылы байланыстырады.
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – осы құрылымның баспасөзбен және өзге де БАҚ-пен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын ұйымның, мемлекеттік мекеменің немесе билік органының бөлімшесі. Өзара әрекеттесу Пресс-релиздер шығару, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру, телефон немесе интернет арқылы кеңес беру арқылы жүзеге асырылады. Баспасөзбен өзара іс-қимылды бір адам-ұйымның баспасөз хатшысы, сондай-ақ Қызметтің барлық қызметкерлері жүзеге асыра алады.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛ Ы ҒЫ – конференциялардың, фестивальдардың, олимпиа далық ойындардың, жәрмең келер дің, т.е.с. шаралард ың қызметкерлерінен, аудармашыларынан, техни ка лық қызметкерлерінен құралатын хабар қызметі.
БЕЙНЕІЗДЕУІШ (видеоискатель) – түсірілімнің объекті сін қа дағалайтын фотоап па рат тың құрылғысы. Ол кадрдың шекарал арын анықтайды.
БЕКМҰХАМБЕТ ТІЛЕКМЕТОВ (1925-1975 жж.) – Алматы облысы Кеген өңірінің тумасы. 1943 жылы 18-ге толғанда әскерге алынып, 1950 жылға дейін қызмет етті. Қазақ университетінің журналистика факультетін 1956 жылы бітіріп, 1975 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде фотожурналист қызметін атқарған. 1962 жылы жарық көрген, «Фотосурет түсіруді үйрен» атты оқу құралының соавторы.
БЛЕНДА (көз қағар) – әйнеккөзге (объективке) киілетін, қиық конус немесе қиық пирамида түріндегі пластмассадан жасалған құрылғы. Бленда әйнеккөзді су ретке қатыспайтын жарық сәулелерінің түсуінен қорғайды. Бленданың көлемі әйнеккөзге байланысты.
БЛИК – қараңғы фондағы ашық түсті жарық дағы. Фото объективтерде блик жарыққа қарсы түсірген кезде пайда болуы мүмкін.Ол суреттің сапасын төмендетеді.
БРОМОЖЕЛАТИН ПРОЦЕСІ – Желатинді күміс фотопроцессі-жарыққа сезімтал күміс галогенидтерінің байланыстырушы элементі ретінде желатинді пайдалануға негізделген заманауи фотографиялық процесс.
Асылхан Әбдірайымұлы
Мәтін «Фотожурналист анықтамалығы» кітабынан алынды