Көңіл айтамыз!

 Көңіл айтамыз!

Талай танымал әндердің авторы Арман Дүйсенов фотографтар үшін әннен өлмес ескерткіш орнатып кеткен адам. Оның «Фотограф» әні Қазақстандағы қаншама фотосуретшілерге шабыт сыйлады! Сондықтан, күллі фотографтар қауымы талантты композитордың қазасын естігенде, қабырғалары қатты қайыса қайғырды. Табиғаттың түрлі қиындықтарына қарамай, адал қызмет ететін бұл маман иелерінің жанқиярлық еңбегін елеп әуенге қосуы Арманның нағыз талант иесі екендігінің айғағы. Алла Арман бауырымызды өз панасына алсын! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Көңіл айтушылар: «Фотоөнер» ҚБ мүшелері

Фото: wikimedia

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *