Ұлттық түрік фотоөнерінің тарихы мен даму процесстері
Күнімізде Түркияда «Ұлттық фотография» ұғымын қалыптастыру деген сұрақтың өзі талқылау тақырыбы болуы мүмкін. Бірақ тақырыбын нақтылау үшін біз хронологиялық тарихқа үңілуіміз керек.
Фотографияның ортаға шығуы 1839 жылы 19 тамызда, Париждегі Француз Ғылым Академиясындағы Дагер тарапынан әлемге жарияланды. Осыдан кейін Фотография ұғымы Осман топырағының шаһары Стамбулда танымалдылығын арттыра бастады. Осылайша, тарихи парақтарда фотографияның ортаға шығуынан бастап түріктер бұл көркем құралға деген өздерінің қызығушылығын танытқан туралы деректер тіркелген.
Бұл тақырыптағы ең көне құжат 1839 жылы 28 қазанда Османлы түріктерінің алғашқы ресми газеті Векай күнтізбесінде жарияланған. Жоғарыда аталған мақалада бұл өнертабыстың техникалық ерекшеліктері жазбаша түрде жазылып, екі өнертапқыш Луи-Жак-Манде Дагерр мен Уильям Генри Фокс Талбот туралы айтылды (Таквим-и Векайи: 1838 ж. 28 қазан, 186 шығарылым). Өнертабыс француздарға тиесілі болғандықтан, әлемдегі алғашқы топтық фотографиялық сапар 1839 жылы 21 қазанда Марсель кемесінде француз суретшілерінің тобымен басталды. Бұлар – Эмиль жан Горац Верне, Чарльз Мари бутон және Дагерреотиптік Фредерик Август Антуан Гупиль-феске. Марсельден кейін грек аралдарына сапар шеккен саяхатшылар Александрия, Каир, Суэц және Таяу Шығыс қалаларына экспедиция ұйымдастырған саяхатшылар сапарының көбісін кемемен және түйенің үстінде өткізген. Бейрут арқылы қайтадан кемемен 46 жолға шыққан фото сүретшілер, Ларнака, Кос аралы, Измир, Стамбул, Мальта және Римдегі саяхатынан 7 айдан кейін Марсельге оралады. Осылайша, әлемде алғаш рет суретке түсірілген орындардың, қалалардың, жерлердің және монументалды ғибадатханалардың ауқымды бөлігі сол кезеңдегі Осман империясының аумағында орналасқан. Ноэль Мари Паймал Зеребурс және оның командасы Египет, Палестина және Бейруттың алғашқы фотосуреттері мен пейзаждарын,1840-1843 жылдар аралығындағы «Excursion Daguerriennes: Vues et Monuments les plus Remarquables du Globe» жасалған альбомдар қатарына қосқан. Сондай-ақ Леребурлар тобының мүшесі, Джоли де Лотебиниер, Нил бойында фотосуреттер түсіре бастаған, Сирияда, Ливанда және Анадолының әртүрлі аймақтарында сурет түсірлімі орын алған. Мұндай құжаттама кейінде жалғасын тапқан. Бұл құжаттамалар кейінірек әйгілі жұлдыздар жинағында орын алумен қатар тарихи маңыздылыққа ие болады. Гупил Фескет жетекшілігіндегі жұмыс 19-ғасырдағы Османлы географиясының көп бөлігі мен сол кездегі күнделікті өмірдің әртүрлі аспектілері туралы бірегей зерттеу болып табылады. Осман империясы үшін тарихтағы ең маңызды бетбұрыс кезеңдердің бірі болған 1853 – 1856 жылдар аралығында екі жарым жылға созылған Қырым соғысы туралы бірінші рет соғыс фотосуреттерін Османлы қатарында орын алған британдық Роджер Фентон тарапынан түсірілген болатын. Сонымен қатар, осы жылдары «шығыстанушылар» деп аталатын көптеген батыс фотографтары ретінде білінген Британдық фотограф және Гравер Джеймс Робертсон Стамбулға келіп, Анадолы туралы деректі және көркемдік тұрғыдан өздері үшін жаңа материал мен мүмкіндіктер іздей бастаған. 1856 жылы Қырым соғысына байланысты Стамбулға келген химик Рабач Стамбулда алғашқы кәсіби суретшілік зертханасын ашқан. Рабахтың арқасында Османлы тақырыбына жататын фотографтарды дайындауға мүмкіндік туды, ал Абдулла ағайындылар (Абдулла Ферес) өздерінің түрік фотографиясы тарихындағы алғашқы танымал есім болуларын Рабахқа шәкірт болуына байланысты болғанын атап өту керек. 1858 жылы Рабахтың Германияға оралуымен фото студяны жұмыстатқан Абдулла ағайындылар османдықтарда отандық фотографтар дәуірін бастаған алғашқы ізбасарлар болып табылады. Абдулланың үлкен ағасы-кейіннен Абдулла Шукри есімін алған ағасы-Уичен және оның ағасы Кеворк фотосуреттің алдында миниатюралар мен кескіндемелермен айналысқан. Бұл дағдылары, табысты сурет жасауына үлес қосқан. Бауырластар шеберлері Рабахтан қалған студияны дамытып, аз уақыттың ішінде коммерциялық жетістіктерімен танымал болды және олар өздерінің маңызды фотосуреттерімен көрнекі мәдени мұрамыздың бірі болып саналатын Жұлдыз жинағын дайындауға үлкен үлес қосты. Стамбулдағы мәдени және көркем шығармаларға негізделген және күнделікті өмірді сүреттеген фотосурет қойылымдар шығарған. Абдулла ағайындылар Османлы сарайы тарапынан жоғары бағаланды және олар 1862 жылы Сұлтан Абдулазизді суретке түсірумен «Суретші-и Хазрет-и Сехриари» атағымен марапаталды. Бұл атақ Сұлтан Абдулхамидтің кезінде, Сұлтан Абдулазизден кейін де жалғасты. Абдулла ағайындылар осы фразамен бірге өздерінің артықшылықты фотокарталарының артына сұлтанның қолтаңбасын басып, бұл атақты коммерциялық мақсатта қолданды. Кәсіби өмірі сәтті өтіп жатқан бұл екі Абдулла ағайындылар, мамандықтары үшін түрлі медальдарға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында ыдыраған Осман империясы және азаттық соғысы үшін күрескен Түркия үшін фотография өнерінің дамуы өте маңызды болды. Соғыс кезінде фотография Ұлттық армияның қуатын әлемге танытудың маңызды элементіне айналды. Сондықтан, тәуелсіздік соғысы кезіндегі үгіт-насихатты әрі соғыстың маңызды сәттерін сақтаған оны үгіттеумен жұмыстаған Гази Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған, алғашқы ұлттық түрік фотосүретшілер, осы мақаланың тақырыбына қатысты деп айтуға болады. Ататүріктің фотографтары деп аталатын бұл маңызды есімдер: Джемал Ишиксел (1905-1989), Джемил Фильмер (18951990), Эсат Недим Теңізман (1897-1980), Этем Тем (1895-1971), Намык Гөргүч (1895-1945) ) және Селахаттин Гиз (1912-1994). Жаңадан құрылған Түркия Республикасының соғыстан кейінгі жағдайын Батысқа фотография арқылы таныстыру, насихаттау өнері фотографтарға үлкен жауапкершілік жүктелді.Осы жауапкершілікті жұмысты абыроймен атқарған есім Австралиялық фотограф Оттмар Пферчий. Түркия Республикасы 1714 жылдың көрнекі тарихының ең құнды бөлігі болып саналады Барлығы 1293 Барлығы 47 негативті және фотопринтермен басып шығару Қазіргі кезде Стамбулдың қазіргі заманғы өнер мұражайы Фотосуреттер бөлімінде орналасқан. Түркия Республикасы ең бағалы бөлігі болып саналатын тарихи 1293 дана фотосуретті басып шығарылды, қазіргі кезде Стамбулдың өнер мұражайы Фотосуреттер бөлімінде орналасқан. 1950 – 2000 жылдар аралығында Республикалық ұрпақтың бірі болған әрі біздің бүкіл әлемдегі ең танымал фотосуретші: Армения ұлтының өкілі шебер түрік фотосуретшісі, өзінің баяндауынша фототілші Ара Гүлер. Жас кезінен бастап ол театрға, кино өнеріне деген сүйіспеншілігімен, және әуесқой мінезімен ең алдымен Стамбулда әрі Түркияны және әлемнің көптеген фотосуреттерімен, портреттер Ара Гүлердің қолынан шыққан еңбектері әрі қолы қойған туындылары. Түрік фотографиясының тарихы – ең танымал суретшілердің бірі. Осы шағын мақалада түсіндіруге тырысқандай, іс жүзінде көптеген этникалық топтар Османлы, содан кейін түрік фотографиясын дамытуда өте маңызды міндеттерді өз мойнына алды және көптеген батыстық фотосуретшілер, фотография ортаға шыққанан бастап түрік фотосуреттеріне тікелей әсер етті.
ХХІ ғасырда әлі де түрік фотографиясы туралы айту орынды ма, емес пе, алайда Түркиядан әлем денгейінде маңызды фотографтардың шыққандығы және де түрік фотографтары ұлттық және ұлттық мәселелерді суретке түсіруге бағытталғанын айту қате болмас.
Озан Билгисерен, профессор,
Мимар Синан Көркем Өнері eниверситетінің Фотография кафедрасы
Ыстамбұл. 2021 ж. 14 наурыз
Материал: Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағынан алынды.
Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы / Құраст.: А.А. Әбдірайымұлы, Д. Балабекұлы. – Алматы: Дарын, 2022. – 457 б.
© Әбдірайымұлы А.А, Балабекұлы Д., 2022
ISBN © «Дарын баспасы» ЖШС, 2022