Моңғолия қазақтарының фотография әлемі

 Моңғолия қазақтарының фотография әлемі

Жанарбек Ақыбиұлы, Моңғолия.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, фотограф, этнограф

1940 жылы Баян-Өлгий аймағы орнасысымен жергілікті халықтыда өз жер аумағын қорғау үшін әскери ішкі істерге тартып, оларды фото түсіру істеріне ұқтырып, қолдарына фотоапарат беріп, осы салаға тартады. Осындай үкімет тапсырмасымен фотоапарат ұстаған алғашқы адамның бірі қоғам қайраткері Қалқабай Орын, чекист Рақатжан Қали сынды бір топ ардагерлерді еске алғанды жөн көрдім. Олардың қандай фото түсіргені сол замандағы заң және тыңшылар ұйымының мұрағатын қарау мемелекеттің құпиясы болғанымен, Моңғолия қазақтары ішінен алғаш қолына апарат ұстап фото түсіргенде осы жандар еді. 1940 жылдардың ортасында Баян-Өлгей Аймақ бастығы Жеңісхан аймақтың әр іс-қимылын суретке түсіріп отыруды тапсырған бұйрығын көрген едім, бірақ фото суретшінің аты жазылмапты. (Соған қарағанда Баян-Өлгейде фотостудия 1944 жылдары бастау алған сияқты. Себебі менің меншік архивімде 1945 жылдан бастап түсірген фото суреттер бар, авторы жазылмаған. Жалпы Моңғолия Қазақ фотографтары фотостудиядан бастау алып дамыды. Бай-Өлкедегі әр бір ісқимыл, мереке, халықтың портреті бәрі-бәрін осы мемлекеттік фотостудиялар атқарып келді. Сол бір көне студияны 3 дәуірге бөліп қарасам, 1950-1970 жылдары Мұрат, Бижамила Қасен (әйел), Мәкен (әйел), Зылипа Қыдыржан, Іргебай сынды фотографтар халыққа қызмет жасады бұл фотографтардың ішінде ең танымалы Бижамила Хасен қызының туындылары ерекше еді. Себебі Бижамиланың қарапайым халық портретінен әр алуан оқиғалар, өнер, спорт барлық тақырыптарда Бижамиланың қолтаңбасы көрінеді. Қасенқызы Бижамила апамыздың дәуірінде ұстап жүрген апараттары смена, иунител сынды апараттар еді. 1970-1990 жылдары Бәкенай (әйел), Қуаныш, Липа, Бәкен Қанағат, Қизат, Гаухар Құсман, ерлі зайыпты Тәбип, Ардақтарда сол заманның фотографының нығайып дамуына өз үлестерін қосты. Бұлардың ішінде арнайы фотографияны оқып келген Құсманқызы Гаухардың жаңашыл түсіру әдіс-тәсілдері, әр алуан фотолары елді қызықтарса, ерлі зайыпты Тәбип, Ардақтардың 49 авто портреттеріде түсіру артқы фондарын құбылту істері сол заманның жаңашыл стилдері көптің ризашылығын туғызған еді. Сол кезде апараттары ФЭД, Зоркий, Зенит болды. Моңғолия қазақтарында керемет дамып кетпеседе фотожурналистерде сол заманның баспа сөзіне өз кейіпкерлерін автопортретін бастырды. Бұлардың сапында жазушы әрі қосымша фотожурналистер І.Яки, Х.Даян, М.Қабдай, А.Шоңайлар болса, бас қаладағы Республикалық бас басылым “Үнэн” газетінің фотожурналисті Бірдіхан деген қазақ болды. Фотостудиясыз жан тәнімен бұл фотографияны өміріне серік еткен адамдардың басын, Моңғол елінің қайраткері сардабал елші Сайран Қадер бастайды. Сайран Мәскеуде сыртқы істер ісін қәзіргі Қазақстанның ел басшысы Қасымжомарт Тоқаевтермен бірге оқыған. Сол заманда өз степендиясына сатып алған апаратымен әлемді шарлап фото түсірді. Сайран Қадер араб әлемінде 40 жыл елшілік қызметін жасағанда қолынан апаратын тастаған емес. Әлем елінің 100 астам елінің бәріне барып, өзі қалаған фотосын түсірген Сайран Қадер, қәзірде Америка мұхит жағалауында фото түсіріп жүр. Бұдан кейінде қаншама мықты әуесқой фотографтар шыққанымен қандай фото түсіріп жүргені бізге мәлім емес фотографтарды іздемедік, себебі бұл мақала Моңғолия қазақтарының фотографтары жайлы жазылған тұнғыш мақала шығар деген ойдамын.

Болашақта барлық дәуір фотографтарын зер салып әліде толықтырып жазармын. Ал өз басыма келсем 1980 жылдардың ортасында оқушы едім. Әкем сатып әкеп берген ФЭД маркалы фото апаратпен суретке түсіруді бастадым. Менің бала кезде әдемі тәбиғатты фотоға түсіруді құмарттым. Бай-Өлкенің орталығына барып пленкелерді тапсырып кетеміз. Бәлен күні кел суретіңді ал деген күні түсірген суреттерімді көруге асығатынмын. Басқалар адам портреті болса менікі табиғат фотолары еді. Елдің таңырқай қарайтынын анғаратынмын. Фото студия қызметкері «міне нағыз фотограф» – деп пленкемді жудыруға келген сайын суреттерімді көріп «Бұл қай жер» – деп қызығушылығын білдіретін. Орта мектепті бітіріп Түркияда оқыдым. Стамбулдан жаңа ФЭД 5 деген апарат сатып алдым. Әсем Түркияны суретке түсірдім. Бұдан 50-ден кейінгі ғұмырымда фото апараттарымды қолымнан түсірген емеспін. Бүгінгі Моңғолия қазақтарының этнографиялық фотоларын түсіріп 10 шақты альбомдық фотолар дайындадым бірақ қаржылық мәселеге байланысты фото альбомдарымды шығарған жоқпын болашақта жоспарлармын. Бүгінгі таңда әлем туристері Моңғолияға ағылса, мен өмір сүретін, қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий аймағынада келуге құмар. Себебі қазақтың бүркітшілік шынайы көшпенді тірілігіне қызығады.

Бұл тақырыптар әлем туристерінің ерекше назарында. Қазақтың бүркітшілік өнерін фотоға түсіру меніңде асқақ арманым, себебі әр күні бұрынғыданда әдемі фото түсіруді армандаудамын.

Мақала «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағынан» алынды.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *