Шеберлік жаттығуда шындалады

 Шеберлік жаттығуда шындалады

«Астана» өңірлік қолбашлық әсекрлер қолбасшылығына қарасты 06708 жеке құрамы атыс сабақ кестесіне байланысты біліктіліктерін шындады.

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрменді білу, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезегінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жеке құрам нысананы көздеп атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін байқатты.

Сабақтың бақылау тексерісі бойынша жеке құрам арасынан ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгергендер де бар. Солардың бірі 97 ұпай жинаған мерзімді қызметтегі сарбаз Зюльковский Сергей Сергеевич.

Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату ату дағдыларын шыңдайды.

Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы өзі бақылады.

— Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз  жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді. Олардың атыс дайындығы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз.

Жеке құрам осымен тоқтап қалмай жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, – әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 06708 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің бастығы подполковник Құланбаев Өміртай Абсаматұлы.

 

Думан Жұмашұлы,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Суретті түсірген автор

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *