Шыңғырлаудың сегізінші кереметі — Торыатбасы

 Шыңғырлаудың сегізінші кереметі — Торыатбасы

Торыатбас тауы — Батыс Қазақстан Облысының Шыңғырлау ауданының Ақтау селолық округіне карасты Марксизм елді мекенінің солтүстігіне қарай 3 километр жерде орналасқан геологиялық ескерткіш.

Торыатбас тауы шығысында Жыланды тауымен, ал оңтүстігінде Қылыштау тауларымен катарласа созылып жатыр. Торатбас тауы Мезозой дәуірінің Бор кезеңінен қалған ескерткіш. Мезозой дәуінінің Хвалин теңізінің шөгінді жыныстары. Хвалин теңізінің қазіргі қалдығы Каспий теңізі Торатбас тауы етегінде ақжусан, қойбүлдірген, сүттегін, селеу, қызылмия, жидек көптеп кездеседі. Торатбас тауы теңіз деңгейінен 212 метр биіктікте орналасқан, ауданы — 1, 6 гектар. Тау етегінде тұщы сулы бұлақ көздері көптеп кездеседі. Өсімдік түрлері де мол. Әсіресе емдік қасиеті бар өсімдіктер көптеп кездеседі.

Геологиялық ескерткіштердің сипаттамасына келер болсақ тарихи минеро — геологиялық түр 1960 жылы тау статусы берілді. Мезозой дәуірінің тау жыныстарының жер бетіне және полентологиялық қазбаларды айтар болсақ шайтан тырнақтардың жер бетіне шығып жатуы. Ескерткіштің зерттеуіне келер болсақ, бұл ескерткіш бірнеше ұрпақ жергілікті оқушылардың, студенттердің, туристердің зерттеуімен толықтырылған. Бұл деректердің барлығы Батыс Қазақстан энциклопедиясында көрсетілген. Ескерткіштердің қазіргі жағдайына келетін болсақ, қышқыл жаңбырмен дауылдардың әсерінен үгіліп, отырып бара жатқан жағдайы бар. Ауыл қарияларының айтуы бойынша, кезінде бұл таудың басында ат құлағындай екі құлағы болған деседі. Кеңес үкіметі құрылып, тың игеру заманында көшпелі заманнан отырықшылық кезеңге ауысқанда таудың екі құлағын баз, қоралар салуға шешендер пайдаланған деседі.

Қазіргі заманда бұл таудың тек ат мойнындай мойны қалған. Етегі малға толы, шөбі шүйгін Торатбас тау баурайы малға толы. Ерекше геологиялық ескерткіш ретінде қорғауға алынғанын қалаймыз. Жергілікті жерді гео — туризмге қолдану келе жатыр, жақында аудандық туризм орталығы үлкен жорық жасап тың мәліметтер берген болатын. Торатбас тауына облыстық статус беріліп, облыстық деңгейде үлкен жорықтар жасалып, гео — туризмге қолданылса деп ойлаймыз.

Суреттерді түсірген-Мейірбек Тажкуранов, Батыс Қазақстан облысы.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *