Әскери ант

 Әскери ант

Әскери ант  — жауынгерлердін Отанына, халкына, үкіметіне, өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде жеке-жеке әскери ант береді және оны өзінің қолын қоюмен бекітеді. Отанына ант бере отырып, азаматтар ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.

Әскери ант — үлкен мемлекеттік маңызы бар құжат, оның мәтінін Президент бекітеді және заңды күші бар. Әскери антта — Қарулы Күштердің негізгі міндеттері және жауынгерлердің маңызды қасиеттері кандай болуы керектігі көрсетілген. Антты бұзу, Отанға опасыздық ету, жау жағына шығып кету, мемлекеттің әскери куатына нұқсан келтіру, шпиондық әрекет— барып тұрған жауыздық болып есептеліп, заңның ең катал күшімен жазаланады.

Командирлер мен әскери басшылар қол астындағы жауынгерлерінің әскери анттың ардақтылығы және мызғымастығы туралы түсінігінің саналылығын куаттап, одан әрі дамытуға міндетті.

Суреттерді түсірген-Думан Құрманғалиев, photooner.kz

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *