Әскери техниканы жүргізу сабағы өтті

 Әскери техниканы жүргізу сабағы өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде жүргізуші әскери қызметшілер арасында әскери көлікті жүргізуден сабақ өткізілді.

Әскери техникаларды басқарып жүргізу сабағының басты мақсаты – қолайсыз жерлердегі орын алған қиыншылық жағдайынан әскери техниканы басқарып алып шығу болатын.

«Саршыған» оқу-жаттығу полигонына бет алған шынжыр табанды әскери техникаларды басқарған жүргізуші-әскери қызметшілер асқан табандылық таныта білді.

Жауынгерлік даярлықтың осы жаттығуын орындап шығу үшін бірнеше шақырымға созылған қашықтық белгіленді. Осы бағытта 06708 әскери бөлімінің танкіге қарсы артиллериллериялық дивизионының жүргізуші-әскери қызметшілері үздік атанды.

Аталған сабақтың өту барысын 06708 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Таупық Байғожин бақылап, жоғары бағалады.

  • Басқа кезеңге қарағанда қыс мезгіліндегі әскери техниканы басқару оңайға соқпайды. Осындай қиыншылықтарға қарамастан жүргізуші-әскери қызметшілер төзімділік танытып, қысқы жолды еңсеруде өздерінің шеберліктерін көрсете білді. Алдағы уақытта да жауынгерлік даярлық жоспарына сай, алға қойған тапсырмаларды жүзеге асырады, – деді бөлім командирінің орынбасары.

Аязды күні әскери техниканы шебер басқара білген танкіге қарсы артиллериялық дивизионының жүргізуші-әскери қызметшілері аға маман – аға техниктер кіші сержант Ғабит Пазылов пен ефрейтор Виталий Мандрик алдыңғы қатардан көрінді.

Жылдың қай мезгілі болса да әскер ұдайы жауынгерлік әзірлікте болуы тиіс. Дәл осы бағытта әскери бөлімнің жеке құрамы шеберліктерін шыңдап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру жолында қызмет етеді.

Д.Құрманғалиев,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Суретті түсірген автор

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *