Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «ФОТОЖУРНАЛИСТ» оқу-ағарту орталығы, фотография саласы бойынша қызмет етіп жүрген маман иелерін «Фототілші», «Фоторепортер» онлайн (қашықтықтан оқыту) курсына шақырады. 72 академиялық сағат 2 апталық (29.06 — 12.07.2020 ж.) курсты аяқтаған соң, ҚР Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру» институтының фотограф, фототілші, жалпы фотожурналистика саласы […]
Тегтер : Басты
«Фотоөнер» ҚБ мүшелері 7-10 маусым аралығында Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі және Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясындағы сапардан түсірілген суреттер оқырмандарымызды киелі мекенге жетелейді. Бұл ретте бірлестіктің белсенді мүшесі Оңғарбек Алхаровтың шығармашылығындағы Маңғыстау көріністерін ұсынамыз. Суреттерді түсірген-Оңғарбек Алхаров
Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері 7-10 маусым аралығында Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірген болатын. Маңғыстау облысы әкімдігі және Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» фото-экспедициясындағы сапардан түсірілген суреттердің келесі топтамасын ұсынамыз. Бұл жолы бірлестігімізге жаңадан қосылған әріптесіміз Ернұр Манапханұлының шығармашылығындағы Маңғыстау көріністерін ұсынамыз. Суреттерді түсірген-Ернұр […]
Білместігім шығар, фотоөнерге өмірін арнап келе жатқан жерлесіміз — Қалиқұмар Қабдешев ақсақал туралы бұрын-соңды естімеппін. «Марқакөлдің тумасы, Қонаевтың жанында фотожурналист болып қызмет етті» дегенде ғана елең ете қалдым. Елең ете қалғаным, о заманда фотоаппарат ұстаған қазақ ілеу де біреу-тұғын. Ақсақалмен әңгімелескім келді. Әй, бірақ жуық арада Алматыға жол түсе қоюы екі талай еді. Сөйтсем, «адам […]
Армысыздар ағайын, еліміздің фотосүйер қауымы! «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты: Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар […]
Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды. 7-10 маусым аралығында өткен фото-экспедицияның негізгі мақсаты — әр өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, шет мемлекетке таныту. «Фотоөнер» ҚБ мүшелері 4 күн ішінде Түпқараған, […]
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын жариялады. Байқау мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру. Сыйлық 4 номинация бойынша […]
Суретті түсірген-Оңғарбек Алхаров
Өткен жылы Алматыда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ұйымдастыруымен «Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері» атты дөңгелек үстел өткен еді. Бүгінде бірлестік аталған жиынның нәтижесі ретінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматулин мырзаға, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.К. Байбек […]
2019 жылдың 12 маусымында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция өтті. Мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау. Аталған фотоэкспедиция Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен және аудан, қала әкімдіктерінің қолдауымен өтіп отыр. Республикалық деңгейдегі экспедицияға […]