Рустам Эргашалиұлы Талаббаев, Өзбек мемлекеттік өнер және мәдениет институты «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының оқытушысы Фотография – адамзаттың ең үлкен өнер туындыларының бірі. Фотография сөзі (грек тілінен фото – жарық, граф – сурет саламын, жазамын) – жарықпен сурет салуды білдіреді. Бұл өнер туындысына әлемнің көптеген елдерінің ғалымдарының еңбегі сіңген. Бірақ фотосуретті ойлап табу тарихын […]
Тегтер : Басты
Жанарбек Ақыбиұлы, Моңғолия. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, фотограф, этнограф 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы орнасысымен жергілікті халықтыда өз жер аумағын қорғау үшін әскери ішкі істерге тартып, оларды фото түсіру істеріне ұқтырып, қолдарына фотоапарат беріп, осы салаға тартады. Осындай үкімет тапсырмасымен фотоапарат ұстаған алғашқы адамның бірі қоғам қайраткері Қалқабай Орын, чекист Рақатжан Қали сынды бір топ ардагерлерді […]
Егеубай Оразанбай, жазушы, әдебиет зерттеушісі Қытайдағы қазақ фото өнерінің ғасырға жуық тарихы бар. Сол сапарда ұлы қытай халқының фото өнерімен қанаттас дамып отырды, өнеге тұтты. Алғашында әдеттегі фотоаппаратшылар бой көрсетті. Жеке адамдардың бейнесін түсіруден бастады. Бояуы ақ-қара болды. Келе-келе кәсіпқой шеберлер жетілді. Түрлі-түске ауысты. Соңғы жарты ғасырдан бері өлкелік, облыстық, аймақтық кәсіпқой және әуесқой фотосуретшілер […]
Күнімізде Түркияда «Ұлттық фотография» ұғымын қалыптастыру деген сұрақтың өзі талқылау тақырыбы болуы мүмкін. Бірақ тақырыбын нақтылау үшін біз хронологиялық тарихқа үңілуіміз керек. Фотографияның ортаға шығуы 1839 жылы 19 тамызда, Париждегі Француз Ғылым Академиясындағы Дагер тарапынан әлемге жарияланды. Осыдан кейін Фотография ұғымы Осман топырағының шаһары Стамбулда танымалдылығын арттыра бастады. Осылайша, тарихи парақтарда фотографияның ортаға шығуынан бастап […]
Қазіргі әлемде фотограф – шығармашылық адамы, кәсіпкер. Өткенді сол күйінде елестете алатын өнердің үлкені – фото. Фотосурет – бұл өнер! Олай болса, алдымен өнер ұғымын және фотография оның қай түріне жататынын анықтап алайық. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, «ендіру», «жасау», «құру» деген негізден өрбиді. Tap мағынасында «өнер» деп көркем шығармашылық үдерісін және […]
National Geographic журналы әлемнің 80 елінде 38 тілде жарық көреді. Қазақстанда қазақ тілінде шыққанына биыл 5 жыл. Журнал ғылымның әр саласы туралы әлемдік зерттеулердің 70-80 % аудармасынан тұрады. Бір журнал 120-130 бет болып басылады. Оқу аудиториясы мектеп оқушысынан үлкен кісілерімізге дейін арналған. Оқырманды әлемдегі соңғы жаңалықтар мен, түрлі таңғажайыптармен таныстырып қана қоймай, балаңыздың ой-өрісінің өсуіне, кеңеюіне […]
14 қаңтар күні Алматыдағы полиграфия колледжінде «Фотоөнер» ҚБ-нің 2023 жылғы бірінші жиналысы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен фотоөнер мамандары мен оған қызығушы жастар қатысты. Шара офлайн және онлайн форматта өтті. Шараның офлайн форматына Абдраим А., Алхаров О., Тұрсынбайұлы М., Төлеубай А., Манапханұлы Е., Балабекұлы Д., Шері С., Қартабай А., Қизатұлы Н., Мурзанов А., Шынтемиров Н., Құрманғалиев […]
«Сурет деген – бір сиқыр». «Сұлулық – сурет тілінде». Мұндай әдемі тіркестерге облыстық «Atyraý» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында өткен басылымның фототілшісі, республикалық, облыстық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы Ерлан Алтыбаевтың 50 жасқа толуына арналған «Объектив – менің әлемім!» атты фотокөрмесінде көз жетті. Айтулы шараға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Журналистика» факультетінің оқытушысы, […]
Алматыдағы Атакент көрме орталығында «Ұлы Жібек жолымен» халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде «Дарын» баспасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті. Шараға белгілі фотоөнер майталмандары Серік Мұқышұлы, Оңғарбек Алхаров, пиар-менеджер Мәлік Кушмуханов, доцент, ғалым Аманқос Мектеп-тегі және студенттер мен жалпы оқырман қауым […]
ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Дарын» баспасы және «Адырна» ұлттық порталының қолдауы негізінде Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті. Қос жаңа еңбектің тұсаукесер рәсіміне елімізге белгілі ғалымдар, фотоөнер мамандары, ардагер фототілшілер, қоғам қайраткерлері, студент, магистранттар қатысты. Шара аясында ардагер фотомайталмандары кітапты талқылай отырып, шеберлік сабағын […]