Тегтер : Басты

Атакентте Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Алматыдағы Атакент көрме орталығында «Ұлы Жібек жолымен» халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде «Дарын» баспасының ұйымдастыруымен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының  «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті. Шараға белгілі фотоөнер майталмандары Серік Мұқышұлы, Оңғарбек Алхаров, пиар-менеджер Мәлік Кушмуханов, доцент, ғалым Аманқос Мектеп-тегі және студенттер мен жалпы оқырман қауым […]

Фотография саласындағы қазақ тілді кітаптар жарық көрді

ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Дарын» баспасы және «Адырна» ұлттық порталының қолдауы негізінде Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының  «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті. Қос жаңа еңбектің тұсаукесер рәсіміне елімізге белгілі ғалымдар, фотоөнер мамандары, ардагер фототілшілер, қоғам қайраткерлері, студент, магистранттар қатысты. Шара аясында ардагер фотомайталмандары кітапты талқылай отырып, шеберлік сабағын […]

Шәңгерей түсірген фотолар

Жәңгір ханның немересі, белгілі ақын, ағартушы Шәңгерей Бөкеевтің қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екендігі ара-тұра айтылып жүр. Бірақ өкінішке қарай, Шәңгерейден қалған осы мұра әлі толық жинақталып, зерттелген емес. Шәңгерей сан қырлы адам болған. Ол 1847 жылы Бөкейлікте, Жасқұстағы Хан ордасында дүниеге келген. 5 жасында әкесі Сейіткерей қайтыс болғанымен, хан-сұлтан тегі еш нәрседен мұқтаж қылмаған. Әуелі […]

Мектеп оқушылары фотокөрмемен танысты

Алматы қаласы, Алатау ауданындағы №182 жалпы білім беретін мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары (Сынып жетекшісі-Якияева Фарида Мейрамбекқызы) ҚР Ұлттық кітапханасында өтіп жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрмесімен танысты. Таныстырылым жұмысында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайым, ҚР Ұлттық кітпханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы және Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына үш рет енген […]

Қазақстандық фотосуретшілер тәуелсіздікке тарту жасады

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы және Қазақстан авторлары қоғамы мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларды, ұлттық салт-дәстүрді, өңірлердегі тіршілікті назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары қойылды. Шараның мақсаты – егемен ел ретіндегі отыз жыл ішінде фотосуретшілердің объективтеріне […]

Алматыда «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрме өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында 2021 жылдың 20 желтоқсаны, сағат 15.00-де «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы және Қазақстан авторлары қоғамы мен ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы-30» атты фотокөрменің ашылуы өтеді. Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларды, ұлттық салт-дәстүрді, өңірлердегі тіршілікті назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары қойылады. Шараның мақсаты – егемен ел […]

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрме

9 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әл-Фараби» кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай  «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ: 30 ЖЫЛДАҒЫ 30 СӘТ» атты танымал отандық фотожурналистер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті студенттерінің шығармашылық фотокөрмесі ашылды. Аталмыш шараның мақсаты – егемен ел ретiндегi отыз жыл уақыт аралығындағы объектив нысанына iлiнген мемлекеттiк, қоғамдық, саяси, мәдени және рухани […]

ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты фотокөрме өтеді

2021 жылдың  9-желтоқсаны  сағат 11.00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Әл-Фараби кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты  фотокөрме өтеді. Көрменің мақсаты – егемен ел ретiндегi отыз жыл уақыт аралығындағы объектив нысанына iлiнген мемлекеттiк, қоғамдық, саяси, мәдени және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды ел назарына ұсыну, келер ұрпақты отансүйгіштікке баулу. […]

Ержан Бабақұмаров БАҚ арасындағы конкурс жеңімпаздарын марапаттады

Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында БАҚ арасындағы байқау қорытындыланды Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысы шығарылды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров іс-шараны аша отырып, Алматыда ел бойынша ең үлкен журналистік пулдың бар екенін атап өтті. Жаңалықтардың үлкен саны мегаполисте жасалады, ал маңызды бөлігі — […]

«Әр қазақ менің – жалғызым» дәстүрлі фотобайқаудың қорытындысы шықты

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әр қазақ менің – жалғызым» атты дәстүрлі фотобайқауын жариялаған болатын. Байқаудың негізгі мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрлар арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымын насихаттау. Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында 25 қазаннан – 25 қарашаға дейін жүргізілген болатын. […]