Тегтер : Басты

Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсауы

Алматыда «Атакент» көрме орталығында «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедияның тұсаукесері өтті.    Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында арнайы фотокөрмемен бірге ұйымдастырылды. Тұсаукесер рәсімін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Дарын» баспасы ұйымдастырды. Айтулы шараға кітаптың құрастырушылары «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы, әл-Фараби […]

Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Құрметті фотография өнерінің жанашырлары! Сіздерді 24.11.2023 ж. сағат 11:00-де «Atakent-Expo» ҚІЫО (Алматы қаласы, Тимирязев көш., 42) көрме павильонында болатын «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесеріне шақырамыз. Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында өтеді және арнайы фотокөрме ұйымдастырылады. Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби […]

Асқар Бумага Canon-ның Қазақстандағы алғашқы амбассадоры атанды

Canon компаниясы қазақстандық фотограф Асқар Бумагамен визуалды оқиғаларды жасауға деген құмарлықтарымен бөлісуге ниетті әлемнің ондаған үздік фотографтары мен видеографтардың басын қосатын Canon амбассадорлары бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы жариялады. Canon амбассадорларының жарқын және шабыттандыратын бағдарламасы бүкіл әлем бойынша әртүрлі жастағы фотографтар мен видеографтарды іздеп тауып, оларға көмек көрсетеді. Асқар Бумага — Canon брендінің амбассадоры болған Қазақстандағы […]

Президент Пернебаевтар әулетіне құттықтау хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пернебаевтар әулетіне құттықтау хатын жолдады,- деп хабарлайды Photooner.kz тілшісі.  «Еліміздегі фотоөнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сайлау Пернебаевтың мол мұрасы негізінде әзірленген «Ақ пен қара» фотокітабының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын! Әйгілі фотожурналистің еселі еңбегін кейінгі буын жастардың танып-білуі аса маңызды. Тарихи сәттер бейнеленген фотокітаптың сала мамандарына ғана емес қарапайым әрбір оқырманның […]

Асылхан Әбдірайымұлы: Бір суретпен өлең шығаруға, тіпті роман жазуға болады

Фотография – өміршең өнер. Өткенімізді дәл сол қалпында көз алдымызға әкелетін де, бүгінімізді таспалап тарих бедерінде қалдыратын да – фотографияның жемісі. Нағыз кәсіби фотограф үшін адамның сыртқы келбетін ғана емес, ішкі болмысын «сөйлете» білу маңыздырақ. Осы уақытқа дейін ұлттық болмысымыз бен салт-санамыздан сыр шертетін құнды мұрағаттар сақталып келді. Сол тарихты жасаушылар – ардагер фотографтарымыз еді. […]

«Ақ пен қара»

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық фотожурналистика негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85-жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтті,-деп хабарлайды photooner.kz. Қазақ фотожурналистикасының қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосқан Сайлау Пернебаев ұлттың қайталанбас тұлғаларының бейнелерін тарихқа фотошежіре ретінде қалдырды. Оның әр алуан тақырыптарды қамтыған және […]

ЕРНҰР МАНАПХАНҰЛЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Белгілі фотосуретші, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ернұр Манапханұлы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шақыртуымен 30 маусым мен 20 шілде аралығында Өзбекстандағы фотосапарға барып қайтты. Айтулы шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Тува, Балқар және Мажарстаннан 21 фотосуретші қатысты. Түркі әлемі фотосуретшілерінің өзбек жерінде бас қосуының негізгі мақсаты — Өзбекстанның танымал саяхат орындары мен халқының тұрмыс-тіршілігін […]

Алғашқы форум

Түркістан облысы Кентау қаласында тұңғыш рет Кентау қалалық ішкі саясат “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен жастар форумы және де облысымызда тұңғыш рет 4 бағытты біріктіре білген Кентау келбеті атты жоба өтті. Жалпы форумға 100-ге жуық адам қатысса, форум аясындағы Кентау келбеті жобасында 60-қа жуық үміткер бақ сынады. Бір-бірінен озып тұрған қатысушылар 4 бағытта, нақтырақ айтқанда […]

Алматыда «Деректі фото» курсының екінші кезеңі өтті

Алматы төрінде «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Деректі фото» курсының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінде ұйымдастырылған үш күндік дәріске бірінші кезеңнен өткен 15 фотограф қатысты. Оларға деректі фото жанрының шебері, әлемдегі үздік 10 фотографтың бірі Серік Мұқышұлы дәріс беріп келеді. Бұл жолы бірінші кезең соңында берілген […]

ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Сәуір айының соңында тамырлас Түркия мемлекетінен фотография саласының майталмандары Мимар Синан университетінің профессоры Озан Билгисерен және «FOTOSFER» халықаралық фотофестивалінің арт-директоры Мұрат Гүр Қазақстанға ат басын тіреді. Аталмыш тұлғалармен кездесу Алматы полиграфиялық колледжінің қабырғасында өткен болатын. Кездесуде Түркиядан келген меймандармен бірге еліміздегі фотография саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген Нұрманбет Қизатұлы, Асылхан Әбдірайымұлы, Фархат Қабдықайыров, Оңғарбек […]