2026 жылғы 3 сәуірде Түркістан облысының белгілі фотографы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фотошежіреші маманы, республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай «ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТОҒЫСУЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Аталған іс-шараның мақсаты – қазіргі цифрландыру дәуіріндегі фотоөнердің даму үрдістерін саралау, фотожурналистика мен […]
Тегтер : Басты
Алматы қаласындағы Панфилов көшесінің бойында «Ұлы Дала кереметтері» республикалық этно-фотокөрмесі өтіп жатыр. «Ұлы Дала кереметтері» этно-фотокөрмесі – фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында жүзеге асырылып отырған ауқымды мәдени жоба. Бұл көрме тарихи сабақтастық, рухани жаңғыру және визуалды мәдениеттің эволюциясы идеяларын өзара […]
2026 жылғы 21–23 наурыз, сағат 10:00–20:00 аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Алматы қаласы Музейлер бірлестігі» КМҚК және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Панфилов көшесінің бойында «Ұлы Дала кереметтері» республикалық этно-фотокөрмесі өтеді. «Ұлы Дала кереметтері» этно-фотокөрмесі – фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Ұлыстың ұлы күні – […]
Қаңтардың 10-ында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті. Онда бірлестікке жаңа мүшелер қабылданып, өткен жылы атқарылған шаруалар баяндалды және алдағы жоба-жоспарлар талқыланды. Бұған қоса бірлестіктің алдағы 5 жылға төрағасы сайланды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Жиында жаңа 9 мүшенің қабылдануы бірауыздан мақұлданды. Қатысушылар бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлының жетекшілігімен өткен жылы атқарылған шаруаларға да өз бағасын берді. […]
27 қарашада «Ауыл» партиясы республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауының қорытындысын шығарды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Аталмыш байқау Қазақстанның дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ фотожурналистика, мәдени алмасу және ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға маңызды үлес қосқан мәдени жоба болды. Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында фотобәйгенің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен үздік жұмыстар көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара аясында […]
Жуырда «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ұйымдастыруымен табиғат аясында «Фотожурналистика» пәнінен студенттерге арналған өлкетанулық экспедициясы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Бірлестік төрағасы Асылхан Абдраимұлы бастаған шараға әл-Фараби атынағы ҚазҰУ мен Темірбек Жүргенев атындағы өнер академиясының бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушылары қатысты. Сонымен қатар ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы мен оқытушылар […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Амангелді Мутигуллин дүниеден өтті. Амангелді Мутигуллин 1957 жылдың 15 қазанында Исатай ауданының Забурын ауылында дүниеге келген. Ол 1975–1978 жылдары В.П.Чкалов атындағы Егорьев азаматтық авиация техникалық училищесінде орта арнайы білім алған. 1978 жылдан 2000 жылға дейін Атырау әуе кәсіпорнында авиатехник және бортмеханик болып еңбек етті. 2000 жылдан бастап өз өмірін фотожурналистикамен байланыстырды. […]
Алматы қаласында «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Ауыл» партиясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды photooner.kz. Республикалық «Ауыл» партиясының Алматы қаласындағы кеңсесінде өткен салтанатты шараға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Президенті, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Әбдірайым, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Ахметбек Байоразұлы Қоңырбаев, Бірлестіктің мүшелері, ардагер фотожурналист Нұрмамбет Қизатұлы, […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, танымал фотограф Ернұр Манапханұлы 2025 жылдың 14–19 қыркүйек күндері аралығында Ақтау қаласында «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Түркі елдері фотосуретшілерінің халықаралық көрме-фестиваліне қатысты. Оның жұмыстары үздік бағаланып, TÜRKSOY ұйымы мен Маңғыстау облысы әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлыққа ие болды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Ауқымды […]
95 жылдық тарихы бар Сарыбастау ауылы- Ленин атындағы колхоз болып, 1930 жылы 53 жанұямен бірігіп, барлығы 267 адам артель болып құрылған. 1936 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 23 қазандағы қаулысына сәйкес, «Есек артқан» ауыл советі болып құрылған. Ленин атындағы колхоз осы ауыл советіне қараған. 1939 жылы «Есек артқан» ауыл советі Ленин атындағы ауыл советі болып […]
