«WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының жеңімпазы анықталды

22 қазанда Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «WorldSkills Almaty-2021» аймақтық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Осы жылы аймақтық чемпионат 49 құзыреттілік бойынша өткізілді, оның 14 құзыреттілігі ІТ бағыты бойынша өткізілді. Чемпионатқа 18 колледж және 2 ЖОО, 89 конкурсант және 112 сарапшы қатысты. Чемпионат білім басқармасының басшылығымен және Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтті.
«Фотография» құзыреттілігі бойынша Бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) журналистика факультетінің 4-курс студенті Әбдуалы Бақдәулет иеленді.Эксперт-компатриоты, факультеттің аға оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға «WorldSkills Kazakhstan 2021» Ұлттық чемпионатында өз кәсіби шеберліктерін және Алматымызды жоғары деңгейде көрсетуге тілектеспіз.
Өз тілшімізден