Жауынгерлік әзірлік

 Жауынгерлік әзірлік

Қыстың алғашқы аптасында Қарулы Күштерде жаңа оқу кезеңі басталды. Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөліміне дабыл беріліп, әскери қызметшілер бөлімнің саптық алаңына жиналды.

Бөлімнің барлық санаттағы әскери қызметшілердің кенеттен берілген дабыл бойынша бөлімге келуін, әрі қарай жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруы «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Абеков Жасұланың жіті бақылауында болғанын атап өткен жөн.

Оқу жылының айдары «Айбынды армия-Тәуелсіздік кепілі»атты жауынгерлік ұранымен басталды. Бұл ұран барлық санаттағы әскери қызметшілерге тың серпін беретіні анық. Жуырда ғана әскери ант берген жас сарбаздар да жауынгерлік дабыл мен оның барысындағы даярлықтан тыс қалмады.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Құрманғалиев

Сурттерді түсірген автор

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *