Әлемдегі ең қымбат фотоаппараттар

 Әлемдегі ең қымбат фотоаппараттар

Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат заманауи камераларды ұсынамыз.

Сандық камера Kodak DCS PRO SLR/C

Толық өлшемді CMOS матрицасы 14 мегапиксельді жартылай кәсіби камера. ISO  ауқымы 6-дан 1600-ге дейін. Бұл камера қарапайым портреттік суреттерден бастап, бизнес пен жарнамаға арналған бірегей фотосуреттерге дейін кез-келген суретке түсіру үшін өзін дәлелдеді. Kodak DCS PRO SLR / C  камера моделі 5,5 мың долларға бағаланады.

Nikon D5

Бұл сандық айналы камерасы кәсіби пайдалануға арналған. Камера ұзақ уақыт бойы өзінің техникалық сипаттамасымен тиімді жағынан өзін таныстырды. Ол қарапайым және тиімді. Кез-келген фотосурет түріне қолайлы. Камера корпусы магний қорытпасынан жасалған. Бұл камераны берік, бірақ өте ауыр етеді.

Canon EOS 1D Mark II 

Кәсіби SLR камера. Бүгінгі таңда ең үздіктердің бірі. Оның CMOS матрицасы 17,2 мегапиксельді, ISO 100–1600, Экспозиция 1/8000 – 30 сек., фокустық қашықтықты 1,3 есе ұлғайту мүмкіндігі. Қымбат фотоаппарат Canon EOS 1D Mark II. Техниканың құны-9 мың доллар.

Sigma SD1 Wood Edition

Бұл модель бірегей және қымбат (9 999 евро), себебі тек 10 дана бар. Бұл Sigma SD1 сандық SLR камерасының шектеулі сериясы. Қымбат камераның корпусы сирек кездесетін ағаштан жасалған.

Mamiya ZD

Заманауи кәсіби айна камерасы, Матрица 21,5 мегапиксельді, экспозиция 0,00025-30 сек., минималды фокустық Ұзындығы 36 миллиметр, ISO 50-400, диафрагма 2,8 – 4,9. Салмағы  — 2 килограмм. Бұл модель 10 мың 500 доллар тұрады.

Pentax LX Gold

Айналы камерасының осы моделінің эксклюзивтілігі мен жоғары бағасы 750-ші үлгідегі алтыннан жасалған және крокодил терісімен безендірілген. Құрылғының ерекшелігі-бұл корпус шаң мен су өткізбейді. Оның бағасы шамамен 11 500 еуроны құрайды.

Leica M9 Neiman Marcus Edition

Бұл модель тек 50 дана шектеулі сериямен шығарылды, әсіресе АҚШ-та сату үшін. Оны Neiman Marcus жаңа жылдық сәнді сыйлықтарының каталогы арқылы тапсырыс беруге болады. Оның каталог бойынша құны 17 500 долларды құрады. Камера корпусы хромдалған және элиталық түйеқұс терісімен бөлінген. Камера экраны сапфир әйнегінен жасалған.

Canon Diamond IXUS

Ең қымбат мыльница камера. Оның өзге мыльницалардан ерекше техникалық сипаттамалары жоқ. Тек Canon өндіруші компаниясы бұл камераны 380 гауһармен безендіруді шешті. Қымбат тастарды планетадағы ең үлкен гауһар коллекциясының иесі Эдди Элзас ұсынған. Мұндай камера 40 мың еуроға бағаланады.

Hasselblad h4d-60

Біздің заманымыздың ең қымбат заманауи камерасы. Оның 50 мегапиксельді матрицасы бар, оптикалық масштабтау, ең аз фокустық ұзындығы 29 миллиметр, ISO 50-800, диафрагма 3,1 – 5,6. Салмағы 2 килограмм 290 грамм. Hasselblad h4d-60 Body (яғни тек қана қорабы) бағасы 48 мың 300 доллар, бұл камераға шамамен 5 мың долларға, мысалы, LEICA APO-TELYT-R 1:5.6/1600mm объективті салуға болады.

               https://uznayvse.ru/interesting-facts/samyiy-dorogoy-fotoapparat.html

Орысшадан аударып,дайындағандар –

Асылхан Әбдірайымұлы,

Досжан Балабекұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *