Студенттердің кітап әлеміне қызығушылығын оятты

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жүз жылдығына орай жарық көрген «Әбенің әлемі» атты кітаптың таныстырылымы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған шарада журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы алғысөз сөйлеп, кітаптың мән-маңызына тоқталды. Шара барысында кітаптағы суреттерден көрме қойылып, олардың тарихы туралы студенттерге мәлімет берілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген […]

Қазақстанның ақпарат кеңістігінде жаңа сайт пайда болды

Алматыда Almaty Towers бизнес орталығында  Қазақстанның жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт таныстырылды, — деп хабарлайды photooner.kz. Алматы қаласында «Қазақстанның тұмса табиғаты» деп аталатын сайттың таныстырылымы өтіп, осы аттас фотокөрме ашылды. Сайт ғылымға деген қызығушылықты арттырып, Қазақстанның биоалуандығын сақтаудың маңызына жұртшылық назарын аударуды мақсат еткен. Жобаны «EcoForming» экология және білім беру қоры «Шеврон» компаниясының демеушілігімен, сондай-ақ Қазақстанның […]

Мақсат Тұрсынбайдың шеберлік сағаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде кезекті шеберлік сағаты өтті. Бұл жолы тәжірибелі фотограф әрі маман Мақсат Тұрсынбай өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, факультеттің екінші және төртінші курс студенттерімен кездесті. Іс-шара сән-журналистикасы мен фотографияға қызығушылық танытып жүрген жас мамандарға тамаша мүмкіндік сыйлады, — деп хабарлайды photooner.kz. Шараны факультет деканының құттықтау сөзімен ашып, студенттер мен қонақтарды ерекше […]

«Жаңа трендтегі озық технологияларды полиграфиялық оқу үрдісінде пайдалану»

30 қазанда Принтмедиа технологиялар колледжінде Жұмыс берушілер күніне орай «Жаңа трендтегі озық технологияларды полиграфиялық оқу үрдісінде пайдалану» атты дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Шара Алматы қаласының 2024-2025 оқу жылына арналған Жол картасы бойынша және оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс берушілер арасында «Жұмысшы мамандықтар-2025 жылына» арналған. Жиынды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары М.Н.Сагандыкова модераторлық […]

Оқу жылының қорытындысы

«Жауынгер – әскери өмірде шыңдалады» — демекші, егеменді еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері әр жылға белгіленген оқу жылында жауынгерлік даярлықтарын арттырып, Отан қорғау жолындағы қызметте өздерінің әскери біліктіліктерін шебер меңгеріп келе жатқандығына жоғары баға беруге тиіспіз. Бұл күндері Приозерск гарнизонына қарасты 44841,06708,18405,60601  әскери бөліміндері 2024 оқу жылығы қорытынды сабақтары өтуде. Оқу жылын қорытындылауды осы бөлімнен […]

Әскери техника мен қару-жарақты қысқы кезеңге өткізу науқаны

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі.  Аталған іс-шара нақты қойылған талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының ережелерін жеткізу, қызмет көрсетудің тәртібі мен қысқы кезеңде техникаларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру жұмыстарымен басталған болатын. Бөлім командирінің […]

«ӘБЕНІҢ ӘЛЕМІ» фотоальбом кітабының тұсауы кесілді

Жиырма алтыншы қазанда Алматының мәдени ошағы «Достық үйінде» қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жүз жылдығына орай Сайлау Пернебаевтың «ӘБЕНІҢ ӘЛЕМІ» атты фото кітабының тұсауы кесілді. Шараға көрші елдерден келген арнайы қонақтар, қаламгердің көзін көрген әріптестері, танымал әдебиетшілер және руханиятқа қызығатын оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі.  Кештің алғашқы […]

Алматыда әлемге әйгілі фотограф Томас Дворжакпен кездесу өтті

Он бірінші қазан күні мәдени астанамыз Алматы қаласында аты алты құрлыққа мәлім деректі фотограф, Magnum Photos халықаралық фотоагенттігінің мүшесі Томас Дворжакпен кездесу өтті. «Әскери фотожурналистика: журналистік объективтілік пен өз эмоцияларының арасындағы тепе-теңдік» тақырыбындағы жүздесуге осы салаға қызуғышылық білдіретін студенттермен қатар, танымал фотографтар, оқытушылар қатысты, — деп хабарлайды photooner.kz тілшісі.  Кездесу еркін форматта өтті. Көрермендер саналарындағы […]

Алматыда түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті

Алматы қаласында түркі әлеміндегі жас ақындардың Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстанның ақындары қатысты. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды.  Фестивальдің басты мақсаты – түркі әлемінің бірлігі мен мәдениетін нығайту, жас ақындардың шығармашылық көкжиегін кеңейту. Іс-шара ТҮРКСОЙ ұйымының, Алматы қаласы әкімдігі мен «Тұлға-Достық» қоғамдық қорының қолдауымен өтті. Фестивальдің ашылуы«Поэзия аллеясында» (Сейріков […]