Түркі әлемі фотосуретшілерінің қауымдастығы құрылды

Түркі әлемі фотосуретшілерінің Мажарстандағы тарихи сапары жайлы жолжазба 12–22 тамыз аралығында Мажарстанда ұйымдастырылған Түркі әлемі фотосуретшілерінің 20-фотокездесуі табысты аяқталды, деп хабарлайды photooner.kz. Аталған халықаралық шараны ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен Лакителек халық мектебі қоры (Мажарстан) ұйымдастырып өткізді. Бағдарламаға Қазақстан (Асылхан Әбдірайым, Дәурен Мұхамеджанов, Алмас Алимжанов, Ернұр Манапхан), Түркия (Мухаммед Кадри Байрам, Илкин Ескипехливан, Мустафа Гөнен), […]

Ақтамберді жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

Абай облысы, Аягөз ауданында қазақтың қаһарман батыры, көрнекті жырауы Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдығына арналған мерейтой өтті, деп хабарлайды photooner.kz. Екі күнге созылған дүбірлі той Құндызды ауылындағы Ақтамберді жырау кесенесіне зиярат етуден басталып, батыр рухына құран бағышталды. Одан кейін Аягөз қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №11 «Келешек» мектебінің мәжіліс залында Ақтамберді жыраудың тарихи мұрасы мен елдік жолындағы […]

Сары би рухына тағзым: Билік дәстүрі мен тарихи сабақтастық ғылыми

Күні кеше Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылдық мәдениет үйінде «Бозымұлы Сары би және билік дәстүрінің ұрпақтарға ұласуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп, қазақтың билік институты, ұлттық құқықтық дәстүрі және көрнекті би Сары Бозымұлының тарихи тұлғасы кеңінен талқыланды, деп хабарлайды photooner.kz. Жетісудың жайлауы жасыл желекке оранып, Хантәңірі шыңы асқақтап тұрған шілденің шуақты күніндегі маңызды шараны […]