Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ фотоөнері

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен әлемдік фотография өнерінің 200 жылдығына арналған ерекше мәдени-танымдық шара өтті. Аталған жиын Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, қазақ фотожурналистикасының ардагері, кәсіби фототілші, ақын, киноактер Нұрманбет Қизатұлының 85 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Іс-шара аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ фотоөнерінің бүгіні мен […]

Алматыда «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ фотоөнерінің бүгіні мен болашағы» атты

2026 жылғы 27 сәуір күні сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен әлемдік фотография өнерінің 200 жылдығына арналған ерекше мәдени-танымдық шара өтеді. Аталған жиын Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, қазақ фотожурналистикасының ардагері, кәсіби фототілші Нұрманбет Қизатұлының 85 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Іс-шара аясында «Жасанды интеллект […]

Түркістан төріндегі тағылымды фотосапар

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Түркістан сапары – 2026» фотосапары аясында бір топ фотосуретшілер мен студенттер Түркістан қаласына арнайы келді. Бұл сапардың негізгі мақсаты – белгілі фотограф Нақып Шеріұлы Шинтеміровтың 60 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға қатысу, сондай-ақ Түркістанның тарихи-мәдени көрнекі орындарын фотоөнер арқылы насихаттау болды. Фотосапар барысында қатысушылар тек суретке түсіріп қана қоймай, жас фотографтарға арналған […]

Түркістанда Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай дөңгелек үстел

2026 жылғы 3 сәуірде Түркістан облысының белгілі фотографы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фотошежіреші маманы, республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі Нахып Шеріұлы Шинтемировтың 60 жас мерейтойына орай «ФОТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТОҒЫСУЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Аталған іс-шараның мақсаты – қазіргі цифрландыру дәуіріндегі фотоөнердің даму үрдістерін саралау, фотожурналистика мен […]

Алматыда алғаш рет 31 фотографтың еңбегі Тәуелсіздік тарихында Наурызға арналды

Алматы қаласындағы Панфилов көшесінің бойында «Ұлы Дала кереметтері» республикалық этно-фотокөрмесі өтіп жатыр. «Ұлы Дала кереметтері» этно-фотокөрмесі – фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында жүзеге асырылып отырған ауқымды мәдени жоба. Бұл көрме тарихи сабақтастық, рухани жаңғыру және визуалды мәдениеттің эволюциясы идеяларын өзара […]

Алматыда «Ұлы дала кереметтері» атты республикалық этно-фотокөрмесі өтеді

2026 жылғы 21–23 наурыз, сағат 10:00–20:00 аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Алматы қаласы Музейлер бірлестігі» КМҚК және «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Панфилов көшесінің бойында «Ұлы Дала кереметтері» республикалық этно-фотокөрмесі өтеді. «Ұлы Дала кереметтері» этно-фотокөрмесі – фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Ұлыстың ұлы күні – […]

«Фотоөнердің» жиыны өтті, жоспары бекіді

Қаңтардың 10-ында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті. Онда бірлестікке жаңа мүшелер қабылданып, өткен жылы атқарылған шаруалар баяндалды және алдағы жоба-жоспарлар талқыланды. Бұған қоса бірлестіктің алдағы 5 жылға төрағасы сайланды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды.  Жиында жаңа 9 мүшенің қабылдануы бірауыздан мақұлданды. Қатысушылар бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлының жетекшілігімен өткен жылы атқарылған шаруаларға да өз бағасын берді. […]

«Ауыл нақыштары» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

27 қарашада «Ауыл» партиясы республикалық «Ауыл нақыштары» фотобайқауының қорытындысын шығарды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды.  Аталмыш байқау Қазақстанның дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ фотожурналистика, мәдени алмасу және ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыруға маңызды үлес қосқан мәдени жоба болды. Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында фотобәйгенің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен үздік жұмыстар көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара аясында […]

Іле Алатауында «Фотожурналистика» пәнінен экспедиция өтті

Жуырда «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ұйымдастыруымен табиғат аясында  «Фотожурналистика» пәнінен студенттерге арналған өлкетанулық экспедициясы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Бірлестік төрағасы Асылхан Абдраимұлы бастаған шараға  әл-Фараби атынағы ҚазҰУ мен Темірбек Жүргенев атындағы өнер академиясының бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушылары қатысты. Сонымен қатар ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы мен оқытушылар […]