Алғыс білдіреміз!
Кеше, 27-сәуір күні Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және әлемдік фотография өнерінің 200 жылдығы құрметіне орай Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, қазақ фотожурналистикасының ардагері, кәсіби фототілші Нұрманбет Қизатұлының 85 жас мерейтойына арналған «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ФОТОӨНЕРІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел мен фотокөрме сәтті өтті.
Шараға қолдау көрсеткен Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Тілеп Болат Анапияұлы, Алматы облыстық «Өлке тынысы» ЖШС бас директоры Құнапияұлы Кәдірбек, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Тұнғатар Қуаныш, Жетісу облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміреев Жұматай Оспанұлы, Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы, Республикалық «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рахым Ерік, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айталы Бақтияр, Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз хатшысы Смаил Дармен Байтұрғанұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметінің тілшісі Елтаева Бифат, Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметінің фототілшісі Серік Иманқұлов, Өнер факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Байқұтов Кәрім Әлімханұлы, Өнер факультетінің деканының Оқу ісі, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, философия докторы (PhD) Кожагулов Айдын Токтасынұылна, Өнер факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, магистр Бодан Сұлтан Болатбекұлы, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әбдрайым Асылхан Әбдірайымұлы, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Медеубек Сағатбек Медеубекұлы, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Мұхамеджанов Дәурен Мақсұтханұлы, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Тұрсынбайұлы Мақсат, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Жанабаева Ақбота Бақытжанқызы, Сағындық Әсел, Бүркітбай Жанел Ғалымжанқызы, Маратов Ерасыл Маратұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының студенттері Әділжан Данай, Ауесбек Диана, Бірлікұлы Ерболсын, Болатова Назым, Есенгелды Айзат, Бауыржан Гүлнар, Шимырбай Алихан, Бекмырза Диасқа алғысымыз шекісіз!
Алқасөзде белгілі суретші, режиссер, тележурналист, ҚР Көркемсурет Академиясының мүше корреспонденті, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы, Жетісу облыстық «Жетісу» газеті Бас редакторының орынбасары Тұрғанбайұлы Ришад, Алматы облыстық «Алатау арайы»газетінің тілшісі, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қарасай, Ақсу аудандарының Құрметті азаматы Қайранбаев Қуат, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі Жайламысов Бақытжан Хасымханұлы, Алматы облысы Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің ардагер тілшісі Тоқтасынов Тұрсынжан Асқарұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Жазушылар академиясының академигі, Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Арғынбаев Жұмаш Арғынбайұлы, белгілі жазушы, журналист Сүйінбай Талғат Сүйінбайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күйшілер одағының Алматы филиалының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талап Қараш, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Кәсіподағы Марат мырза, ақын, баспагер Ізбасаров Манарбек Ешмұхамбетұлы, белгілі журналист, ғалым Айтбаева Априза, ақын, Қазақстанның Құрметті Жазушысы Алжамбаев Шаяхмет Оразымбекұлы, фотожурналист, республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (Түркістан қ.) Шынтеміров Нахып Шеріұлы, журналист, шығыстанушы, республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (Алматы қ.) Қари Қуанышбек, туған-туыс, бауырлары, ағайындары және т.б. мерейтой иесін құттықтап, сый-сыяпат көрсетті. Сондай-ақ, осы шараға қатысқан барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз! Бірлік пен татулықта өткен бұл мерекелік басқосу баршамызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүректерімізге жылулық ұялатты. Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейміз! Келешекте де осындай қуанышты сәттерде бірге жүздесе берейік! Арадагер фототілші Нұрманбет ағаның мерейтойы құтты болсын, той-тойға жалғассын!
Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі
Фото: Серік Иманқұлов
