Дипломдық жұмыс: Қазақ жеріндегі тарихи фотосуреттердің пайда болуы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тәттімбетова Жайна
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5B050400 – «Журналистика»
Алматы, 2020
***
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«__» _____________2020 жыл
Кафедра меңгерушісі:
с.ғ.д., профессор____________ Сұлтанбаева Г.С.
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5B050400 – «Журналистика»
Орындаған ______________________________ Ж.Б.Тәттімбетова
Ғылыми жетекші,
оға оқытушы _____________________________ А.А. Абдраим
Норма бақылаушы,
РhD _____________________________ А.Б.Әлімжанова
Алматы, 2020
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Дипломдық жұмыстың көлемі: 68 бет
Дипломдық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 34
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың алғашқы тарауында фотоөнердің қалыптасуы мен даму тарихы сараланып, оның теориялық әдіснамасы мен журналистика танымындағы ақпараттық сипаты зерделенеді. Сонымен қатар фотожурналистика жаднамасындағы ақпараттық реңнің тарихи маңызы ашылып, негізгі функциялар барысындағы басты ерекшеліктері қарастырылады.
Ал екінші тарауда қазақ фотографтарының шығармашылық әлемін айқындай келе, қазақтан шыққан тұңғыш фото-шежіреші Шәңгерей Бөкеевтің туындыларының қазақ өнері мен журналистикасына қосқан сүбелі үлесіне ғылыми тұжымдамалар келтіріледі.
Жұмыстың нысаны: Тарихи және ақпараттық сипаты бар фотосуреттер, фотоөнердің табиғаты, тарихи фото-туындылардың даму формациясы, Әлкей Марғұлан, Ман Рэй, Дж. Элкинс, т.б. өнертанушылардың ғылыми еңбектері, ұлттық журналистика теоретиктерінің кітаптары, қазақ фотоөнеріне баға беріп, ерекшеліктерін талдаған авторлардың ғылыми мақалалары, Шәңгерей Бөкеевтің шығармашылық әлемі, баспасөз беттеріндегі фотосуреттер.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: тарихи фотосуреттердің даму хроникасын айқындау, фотосуреттер классификациясына талдау жүргізу, ұлттық журналистика кеңістігіндегі фотоақпараттың мәні мен маңызын, жанрлық сипатын жіктеу, салалық журналистика қорын зерттеу жұмыстарымен байыту.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: мәліметтер жинақтау, зерттеу барысындағы саралау, сараптау, талдау және анализдік жүйеге сүйену, мазмұн және жанр ерекшеліктерін анықтау, фотосуреттерге, еңбектерге теориялық баға беру әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмыстың дерек көздері: БАҚ беттеріндегі фото-туындылар, Ұлттық кітапхананың арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған материалдар, қазақ фотографтарының шығармашылық жинақтары, журналистика қызметіне теориялық баға берген ғылыми әдебиеттер, газет-журналдардағы мақалалар, сұқбаттар, оқу құралдары, ресми сайттар, электронды басылымдар, ғылыми зерттеулер.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3
1 ФОТОХРОНИКА КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: ФОТОӨНЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………………………………………………………9
1.1 Фотоөнердің теориялық әдіснамасы мен фотосуреттердің ақпараттық сипаты……………………………………………………………………………………………………………9
1.2 Фотожурналистика жаднамасындағы тарихи аспектілердің нақыштары мен ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………….21
2 ФОТОБАЯН КАНОНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ РЕҢК………………………………….32
2.1 Тарихи фотосуреттер: қазақ фотографтарының шығармашылық әлемі…….32
2.2 Қазақтан шыққан тұңғыш фото-шежіреші Шәңгерей Бөкеев туындыларының тарихи құндылығы………………………………………………………………………………………..48
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………56
ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………………………………..58