Canon компаниясы жаңа Canon EOS M7 фотоаппартын ұсынады

 Canon компаниясы жаңа Canon EOS M7 фотоаппартын ұсынады

Canon компаниясы осы жылы су жаңа 2 айнасыз камерасын ұсынады. Дегенмен, бұл жолы компания аппараттарына толық кадрлы емес, APS-C матрицасын орнатуды құп көрген.
Дереккөзге сүйенсек, Canon EOS M7 жаңартылған EOS M50 mark II фотоаппаратымен қатар шығады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Canon EOS M50 камерасы APS-C сенсорлы камералар арасында Азиядағы ең көп сатылатын аппарат екенін еске саламыз.
Canon EOS M7 32 мегапиксельді жаңа флагмандық сенсормен, сондай-ақ EOS M жүйесіндегі камералар тарихында алғаш рет матрицалық тұрақтандырумен (матричная стабилизация) жабдықталмақ.

Бұған дейін компания Canon EOS M желісінің жаңа камераларымен бірге бірқатар жаңа линзаларды ұсынады деп хабарланған болатын. Олар келесі линзалар болуы мүмкін:
• EF M 52mm f / 2.0 IS STM.
• EF-M 100-300mm f / 5.6-8 IS STM.
• EF-M 18-45mm f / 2-4 IS STM.

Дайындаған-Бақдәулет Әбдуәлі

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *