Ашық есік күні
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 – жылдығы мен Балалар жылына орай «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті.
Отан қорғаушы сарбаздардың міндеті – егемен елімізідің тұтастығы мен тәртібін сақтау болып табылады.Өскелең ұрпаққа әскери – патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген шара барысында бүлдіршіндер сарбаздардың күнделікті тыныс – тіршілігі мен танысты. Ұйымдастырушылар «Шағала» жаздық лагерінің балаларына казарманың үй – жайы мен жауынгерлердің асханасын көрсетті.
Әскери өмірдің қыр сыры мен жіті танысқан бүлдіршіндер алған әсерлері мен бөлісті.
Думан Жұмашұлы, Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы