Canon фильм өндірісіне арналған инновациялық камераларды ұсынды

 Canon фильм өндірісіне арналған инновациялық камераларды ұсынды

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің алаңында Canon кәсіби кинокамераларының тұсаукесері өтті. Компания Canon EOS C70, Canon XF605, Canon EOS R5C, Canon EOS C500 Mark II модельдерін және кинематографияның жоғары қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, сондай-ақ Голливудтың жетекші кинорежиссерлері мен бейнеоператорларының сеніміне ие болған басқа да камераларды ұсынды. Бұл туралы Canon CEE GmbH Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Cinema EOS камераларынан EOS R System үлгілері мен объективтеріне дейін бірқатар Canon өнімдері кинофестивальдерде номинациялар мен марапаттарға ие болған, соның ішінде 2023 жылғы Оскар сыйлығын алған көптеген деректі фильмдерді өндіруде қолданылған. Canon EOS C500 Mark II-ні көптеген режиссерлер өз жұмыстарында қолданады, атап айтқанда Бен Бернхард «Все, что дышит» кинолентасында пайдаланды, ал Евгения Арбугаева «Выход» фильмін Canon EOS R5 және Canon RF объективтерімен түсірген.

Камералардың бірегей техникалық сипаттамалары мен объектвитердің кең таңдауы кескіннің жоғары сапасы мен үлкен шығармашылық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Canon EOS C70 және Canon EOS C500 Mark II Netflix Originals өндірісі үшін мақұлданған. Компанияның камераларды бағалауы, түсіру технологиялары және жұмыс процестерінде белгілеген стандарттары Netflix Originals мазмұны үшін үнемі жоғары сапалы сурет пен дыбысқа кепілдік береді. Осы камералармен жасалған Netflix Originals жұмыстарының ішінде Оскар сыйлығын алған «Икар» фильмін (2017), «Наши души по ночам» көркем фильмін (2017) және Эмми сыйлығына ұсынылған «Грейс и Фрэнки» телехикаясын (2015) атап өтуге болады.

Қазақстандық режиссерлер, кинематографистер мен бейнеоператорлар Canon камераларының артықшылықтарын бағалай алуы үшін компания өкілдері өзінің түсіру тәжірибесімен бөліскен, Canon EOS C70 камерасының артықшылықтарын көрсеткен және индустриядағы соңғы үрдістер туралы әңгімелеген атақты өзбек режиссері Абдулазиз Абдукоридің техникалық тұсаукесері мен воркшопын өткізді.

Іс-шараның өтетін орны кездейсоқ таңдалған жоқ: қонақтар әдеттен тыс тест-драйвқа қатысып, Canon камераларының мүмкіндіктерін іс жүзінде бағалай алды.

Режиссерлер, операторлар мен бейнеоператорлар концерт залында оркестрдің тікелей орындауындағы композицияларды түсіріп, камераларды сынақтан өткізді, содан кейін шараға қатысушылар жабдықтың техникалық мүмкіндіктерін талқылап, түсірілген суреттердің сапасына баға берді. Бұл формат қонақтарға концерттік түсірілімнің ерекше жағдайында кинокамера мүмкіндіктерінің кең ауқымын сынауға мүмкіндік ашты.

«Қазақстандағы киноиндустрия қарқынды дамып келеді және бүгінгі Canon EOS C70 және EOS C500 Mark II кинокамераларының кәсіби қоғамдастыққа таныстырылуы саланың дамуындағы маңызды оқиға болып табылады. Ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін Canon камералары қазақстандық режиссерлер мен бейнеоператорларға кинематография өнерінің көрнекті туындыларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл камераларды пайдалану әлемдік кинематография сахнасында біздің режиссерлердің әлеуетін ашудың кілті болатынына сенімдімін», — деді Қазақстан Республикасындағы Canon CEE өкілдігінің басшысы Азиз Ниязов.

Canon EOS С70 камеры туралы

EOS C70 — кинокамералар мен сандық фотокамералардың артықшылықтарын біріктіретін RF қондырғысы және Super-35 DGO 4K кескін сенсоры бар Cinema EOS камераларының келесі буыны.

4K 120p дейін жоғары жылдамдықпен түсіруге қабілетті, ол кинематографистер үшін бірегей динамикалы және әсерлі бейнелер жасау мүмкіндігін сыйлайды.

SD жад картасының екі ұясы өндірісті өңдеуде икемділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, әртүрлі форматтағы материалды бір уақытта жазуға мүмкіндік береді. EOS iTR AF X технологиясы бар жетілдірілген Dual Pixel CMOS AF кез келген суретке түсіру жағдайында дәлдік пен жылдамдықты қамтамасыз ететін анықтаумен интеллектуалды бақылау береді.

Кәсіби кіріс/шығыс қосылымдары бұл камераны әр түрлі құрылғылар мен коммуникацияларға қосылуды қамтамасыз ететін кино түсірушілер үшін әмбебап құрал етеді. Ол сондай-ақ EF-EOS R 0.71x орнату адаптерімен үйлесімді, бұл Canon EF объективтерінің кең ауқымын пайдалануға мүмкіндік береді, камераның функционалдығын жақсартады және жаңа шығармашылық мүмкіндіктер ашады.

Canon EOS С500 Mark II туралы

Жаңа буын Cinema EOS жүйесінде Canon түс технологияларымен таңғажайып сурет сапасын қамтамасыз ету үшін ықшам корпуста 5,9К толық кадрлы сенсор бар. Жаңа технологиялар барлық бейнеоператорлар үшін үлкен икемділік пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

Жетілдірілген HDR, PQ/HLG және Canon Log 2/3 технологияларын қолдаумен жабдықталған камера шығармашылық пен бейнені өңдеуге кең мүмкіндіктер береді. Cinema RAW Light және XF-AVC (4:2:2 10-бит) пішіміндегі CFexpress картасына ішкі жазу мүмкіндігі кәсіби бейнеоператорлардың жаңа деңгейге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Салмағы шамамен 1750 грамм болатын ықшам және жайлы дизайн оны ұстауды және тасымалдауды жеңілдетеді, ал берік корпусы ең төтенше жағдайларда сенімділікті қамтамасыз етеді. Камераның модульдік жүйесі пайдаланушыға объективтерді өзгерту мүмкіндігін береді, бұл камераны арнайы түсіру талаптарына сәйкес келтіруге таптырмас құрал.

Инновациялық автофокус технологиясы дәл және жылдам фокустауды қамтамасыз етіп, түсіруді ыңғайлы және тиімді етеді. Электрондық кескінді тұрақтандыру суретке түсіру кезінде сенімділікті арттырады, ал бірнеше опциялары бар кірістірілген толық кадрлы бейтарап сүзгісі (2/4/6/8/10) экспозицияны қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

Реттелетін LUT және электронды көріністапқыш кеңейту модулі осы кинокамераның функционалдығын толықтырады, бұл оны кәсіби кинорежиссерлер мен ең жоғары сапалы бейне түсіруге ұмтылушылар үшін тамаша таңдау етеді.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *