Алматыда «Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ фотоөнерінің бүгіні мен болашағы» атты көрме мен дөңгелек үстел өтеді
2026 жылдың 27 сәуірінде Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультетінде Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, қазақ фотожурналистикасының ардагері, кәсіби фототілші Нұрманбет Қизатұлының 85 жас мерейтойына арналған «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ФОТОӨНЕРІНІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел және фотокөрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және фотография өнерінің 200 жылдығы құрметіне орай өтеді.
