Алғашқы форум

 Алғашқы форум

Түркістан облысы Кентау қаласында тұңғыш рет Кентау қалалық ішкі саясат “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен жастар форумы және де облысымызда тұңғыш рет 4 бағытты біріктіре білген Кентау келбеті атты жоба өтті.

Жалпы форумға 100-ге жуық адам қатысса, форум аясындағы Кентау келбеті жобасында 60-қа жуық үміткер бақ сынады. Бір-бірінен озып тұрған қатысушылар 4 бағытта, нақтырақ айтқанда
✅мобилография,
✅блогерлік,
✅фотография,
✅модельдік салаларынан сынға түсті. Олар Кентау мен оның айналасындағы ауыл-аймақтарды аралап, керемет локацияларды көрсете отырып қаламыздың сұлулығын көрсетуге тырысты.

Фотографтар модель арқылы қала бейнесін көрсетуге жұмыс жасаса, блогерлер болып жатқан форум жайында, қаладағы көрікті жерлер жайында ақпаратты жазып та, айтып та жеткізді. Мобилографтар Кентауымыз жайында мықты идеяға толы видеоларды түсірді. Форумға арнайы Алматы қаласынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, “Фотоөнер” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, елімізге белгілі фотограф Асылхан Әбдірайымұлы, Шымкент қаласының үздік мобилографы Есімхан Абдығаппар, Қазақстан аруы ұлттық сұлулық байқауының топ 23 финалисі, Altyn models Turkistan агенттігінің моделі, журналист, блогер, жоба идеясының авторы Гүлжан Серік қонақ болып, форумға қатысушыларға мастер класс семинар, дәрістерін өткізді. Мастер класстан шыққан қатысушылар практикалық тапсырмаға кірісіп, қаламыздың көрікті жерлеріне аттанды. Нәтижесінде “үздік блогер” номинациясы бойынша 1-орынды Мұқан Айжан, 2-орынды Бейсембиева Салтанат, 3-орынды Бекеева Мөлдір, 4-орынды Ермекбаева Арайлым, “үздік модель” номинациясы бойынша 1-орынды Сыздықова Аида, 2-орынды Сауранбекова Арай, 3-орынды Дәрібаев Дәурен, 4-орынды Искаков Талғат, “үздік фотограф” номинациясы бойынша 1-орынды Қойшыбаев Мұхамедәлі, 2-орынды Бұрқан Ақерке, 3-орынды Әбдіқадырова Гүлім, 4-орынды Исмаилов Қуанышбек, “үздік мобилограф” номинациясы бойынша 1-орынды Ыдырысов Әли, 2-орынды Аманбай Ерсін, 3-орынды Нұрділдә Ерсін, 4-орынды Қаныбек Дәулет иеленді. Барлық марапат иелері қала әкімінің дипломларымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ форумға қатысқан әр қатысушыға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Форумның ашылу салтанатын қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байбола ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Форум Ынтымақ алаңында гала-концертке жалғасып, қала әкімінің құттықтауымен және марапаттауымен аяқталды.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *