Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтеді

 Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Құрметті фотография өнерінің жанашырлары!

Сіздерді 24.11.2023 ж. сағат 11:00-де «Atakent-Expo» ҚІЫО (Алматы қаласы, Тимирязев көш., 42) көрме павильонында болатын «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясының тұсаукесеріне шақырамыз. Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында өтеді және арнайы фотокөрме ұйымдастырылады.

Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Дарын» баспасы. Энциклопедияға енген фотографтардың бір-бір шығармасы аталған көрмеге қойылады. Сондықтан Өздеріңізбен бірге жақындарыңызды, достарыңызды ерте келіңіздер.

Құрметпен, кітаптың құрастырушылары:

Асылхан Әбдірайымұлы, Дәурен Мақсұтханұлы.

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *