Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында әскери дәрігерлер жан аямай өздерінің кәсіби және әскери міндеттерін орындауда. Коронвирустық инфекциямен күрес жағдайында әскери – медициналық қызметтің күш – жігері әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтауға бағытталған. Әскери дәрігерлер жеке құрамның жай – күйін барлық әскерлер құрамаларында да бақылайды. Мәселен, күн сайын медициналық тексеру жүргізіп, санитарлық және профилатиқалық […]
Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері Нұр-Сұлтандағы дезинфекциялық жұмыстардың екінші кезеңін бастады. Вирустың таралу қаупі әлі де сейіле қоймаған жағдайда карантиндік шаралар мен санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі. Әскери қызметшілердің алғашқы тәуліктегі міндеті адамдар жаппай жиналатын орындар мен қала нысандарын өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, олар Тұңғыш Президент саябағы мен […]
Мұнда саяхатшылардың талғамына қарай түрлі бағыттарға баруға болады. Қазақтың 362 әулиесі шоғырланған қасиетті орындар дейсіз бе, табиғи мәдени ескерткіштер тұрған жерлер ме, тіпті, шағыл құмы сусыған теңіз жағалауы, Үстірт жоталдары бәрі-бәрі табылады. ©Мақсат Шағырбай Туризм бағытын дамыту және насихаттау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі мен инвестиция және туризм басқармасы Маңғыстау облысының киелі, қасиетті жерлері мен табиғи […]
Байқау Қазақстанның экологиясына арналған және қоғамның назарын біздің ұлан-байтақ еліміздің табиғатына аудару және оны сақтау қажеттілігі, туған елге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және табиғи байлыққа ұқыпты, жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Номинациялар: Қазақстанның флорасы мен фаунасы Қазақстанның табиғаты Қазақстанның экологиясы мен қоршаған ортасы Толығырақ: qazaqgeography.kz/kz
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Қазақ Республикасының (1920-2020 жж) 100 жылдығына орай «Әр қазақ менің — жалғызым» атты фотоконкурс жариялайды. Байқаудың негізгі мақсаты — портреттік, тақырыптық және басқа да суреттер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтардың бейнесін ашу, Алаш ұстанымдарын насихаттау. Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын барлық азаматтар қатыса алады. […]
Немесе шекара «күзеткен» екі үй Шағыл тасты иықтан асқанда, мөлдіреп Марқакөл көрінді. Алтайдың шыңдарын жағалай ұшқан тікұшақтың бағыты — көл жағасындағы Верх Еловка ауылы. Негізгі атауы — Қарағайлы бұлақ. Кезіндегі 160 үйлі ауылда бүгін екі-ақ түтін қалыпты. Біз жағалауында қаңырап қалған Қарағайлы бұлақ ауылына қондық. Мызғыған тыныштық. Бөренеден қиып салынған үйлердің бәрі бос. Маңайын адам […]
Суретті түсірген-Нахып Шынтеміров
Суретті түсірген-Нахып Шынтеміров
Суретті түсірген-Нахып Шынтеміров
АҚТАУ. ҚазАқпарат — Елімізге белгілі фотосуретші Асылхан Әбдірайымұлы бастаған «Фотоөнер» ҚБ мүшелері Маңғыстаудың керемет жерлерін аралап, фотоға түсірді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде мәлім болды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 7-10 маусым аралығында өткен фото-экспедицияның негізгі мақсаты — әр өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, шет мемлекетке таныту. «Фотоөнер» […]