Фотография – туризмді насихаттауға таптырмас құрал

«Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» дәл осындай атаумен туризмді насихаттауға арналған бірегей жоба Алматы облысында жүзеге асты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев осы жылы туризм саласына байланысты арнайы кеңес өткізіп, еліміздің географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқанына, алуан түрлі табиғатымыз, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз бар екеніне қарамастан, туризм саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанын қатты […]

Фотоөнерді фотожурналистер құрды – Асылхан Әбдірайымұлы

25 тамыз — «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылған күніне орай Алматы полиграфия колледжінің ғимаратында бірлестіктің кезекті жалпы жиналысы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Биыл бірлестіктің құрылғанына 14 жыл толып отыр. Осыған орай өткізілген жиын офлайн/онлайн форматта қатар өтті. Жиналыстың модераторы, бірлестік мүшесі — Дәурен Мақсұтханұлы болды. Күн тәртібінде  жыл басынан бері атқарылған жоба-шаралар бойынша баяндаманы Төраға […]

Фотосапар мәресіне жетті

Алматы облысы, Кеген ауданында тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапар өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі  Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі мен Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы. Фотосапарға елімізге танымал фотографтар мен фотожурналистер қатысты. Олар ұстаз, ғалым, фотосапар жетекшісі […]

Алматы облысында «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты фотосапары өтеді

Алматы облысы, Кеген ауданында тамыз айының 20-21-22-лерінде тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапары өтеді, — деп хабарлайды photooner.kz. Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі, қолдаушысы Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы. ФОТОСАПАРДЫҢ МАҚСАТЫ: Ауданда туризмді дамыту мақсатында өңірдің тарихи орындары мен көрікті жерлерін насихаттау […]

Ғасырларды арқалаған туынды

Жанұзақ Мүсәпір туралы жақсы сөз жиі естіледі: оны ұстаз-педагог деп мақтайды; тележурналист ретінде бір ғана «Інжу-Маржан» бағдарламасында 500-ге жуық хабар жасағанын ауыз толтыра айтады; әсіресе бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық ізденістеріне ерекше баға береді. Олардың айтқанына мен де қосыламын. Бірақ қайталағым келмейді.  Халық әнін халықтың өзіне қайтарды Мектептегі мәдени шараларды ұйымдастыруда көзге түскен мұны ауыл басшылары […]

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің 2024 жылғы мүшелері

  «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің 2024 жылғы мүшелері № Аты-жөні 1. Абдраим Асылхан Абдраймұлы 2. Абзалбекова Анель Слямғазықызы 3. Абилгазиев Ануар Кисапович 4. Абулхаиров Сакен Бауыржанович 5. Алтыбаев Ерлан Сәкембайұлы 6. Алхаров Онгарбек Есенбаевич 7. Аймбетов Нуран Рыскельдинович 8. Аманкел Ерқанат 9. Әбдікәрімова Данагүл Әбдікәрімқызы 10. Әлиасқар Бәитухан Саруарбекұлы 11. Балабекұлы Досжан 12. Бегімбет Әйгерім Отанқызы […]

«ФОТОӨНЕР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ

Жиналысқа қатысушылардың № 2 хаттамасымен «Бекітілген» «16» наурыз, екі мың жиырма төртінші жыл   «ФОТОӨНЕР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ  Қазақстан Республикасы   ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі осыдан әрі «Бірлестік», жергілікті статусқа ие, олардың кәсіпкерлік және қоғамдық ұстаным негізінде мүшелер-бастамашылар тұлғаларымен құрылған және Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, 12.1994 жылдың Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 31.05.1996 […]

Жауынгерлік дайындық

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік оқу кезеңі бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруден басталды. Әскери қызметшілер полигонға шығып, жауынгерлік дайындықты жетілдіру үшін оқу сыныптары мен тренажерларда сабақтар өткізетін болады. Биыл әскери бөлімдерде жауынгерлік оқудың негізгі басымдығы әскери қызметшілердің барлық санаттарының кәсіптік даярлық деңгейін одан әрі арттыру болады. Сондай-ақ, әскери бөлімдерде мамандық бойынша […]

Қарағандыда «Даңқы – мәңгілік «фотокөрмесі ашылды

Қарағандыда «Ел мен жердің жеңісі» кітап көрмесі мен «Даңқы – мәңгілік «фотокөрмесі ашылды. Н. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңір тұрғындары мен қонақтарын әдемі әлемге енуге шақырады. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында қызықты экспозициялар дайындалды. Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс-фашистік басқыншылармен соғысқан қазақстандық жауынгерлердің ерліктеріне арналған әдебиеттер […]

Фотожурналистикаға арналған кітап

Алматыда Ұлттық кітапханада  «Деректі фото:  тарихы және даму көкжиегі» атты монографияның тұсаукесері өтті. Мұндай еңбек қазақ фотожурналистикасы саласында тұңғыш рет жарық көріп отыр. Кітап авторлары – Асылхан Әбдіра­йымұлы, Серік Мұқышұлы,  Дәурен Мақсұтханұлы. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мен «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі бірігіп ұйым­дастырды. «Бұл – тікелей фотожурналистикаға […]