26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына орай жеке шығармашылық фотоархивінен 85 тарихи тұлғаның фотосуреттерін ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тарту рәсімі өтті, — деп хабарлайды photooner.kz сайты. Салтанатты шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Сайлау Пернебаевтың отбасы. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. […]
Бүгінде «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің дивизион арасында 152 мм тіркемелі артиллериялық Гиацинт – Б зеңбірегінен біліктілікті арттыру мақсатында практика жүзінде есептеу топтары арасында атыс жаттығуы өткізіліді. Бұл әскери бөлімнің 2024 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын. Жауынгерлік даярлықтың жаттығуы «Сарышаған» полигонында өтті. Атыс алаңда тартысты бәсекеде бірінші дивизионы бірінші […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, фотограф, журналист, ғалым Дәурен Мақсұтханұлының Алматы облысы, Кеген ауданындағы сапардан фотосуреттерін ұсынамыз.
Белгілі фототілші, «Фотоөнер қайраткері» — Болат Омарәлиев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды журналист Ержан Жаубай жеткізді. «Қазақтың фото өнеріне сүбелі үлес қосқан Болат Омарәлиев ағаның да уақыты болыпты. Алла пейіште нұрын шалқытсын!»—деп жазды ол. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі танымал фототілшінің шығармашылығымен «Қазақ фотошежірешілері: Тарих, дерек, өнер» фотоальбомында таныстырған болатын. Альбомда ардагер фототілшінің бірнеше […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, фотограф, мобилограф Айым Бахыбектің Алматы облысы, Кеген ауданындағы фотосапардан бейнетоптамасын ұсынамыз.
Алатау арай газеті
«Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» дәл осындай атаумен туризмді насихаттауға арналған бірегей жоба Алматы облысында жүзеге асты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев осы жылы туризм саласына байланысты арнайы кеңес өткізіп, еліміздің географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқанына, алуан түрлі табиғатымыз, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз бар екеніне қарамастан, туризм саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанын қатты […]
25 тамыз — «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылған күніне орай Алматы полиграфия колледжінің ғимаратында бірлестіктің кезекті жалпы жиналысы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Биыл бірлестіктің құрылғанына 14 жыл толып отыр. Осыған орай өткізілген жиын офлайн/онлайн форматта қатар өтті. Жиналыстың модераторы, бірлестік мүшесі — Дәурен Мақсұтханұлы болды. Күн тәртібінде жыл басынан бері атқарылған жоба-шаралар бойынша баяндаманы Төраға […]
Алматы облысы, Кеген ауданында тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапар өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі мен Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы. Фотосапарға елімізге танымал фотографтар мен фотожурналистер қатысты. Олар ұстаз, ғалым, фотосапар жетекшісі […]
Алматы облысы, Кеген ауданында тамыз айының 20-21-22-лерінде тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фотосапары өтеді, — деп хабарлайды photooner.kz. Фотосапардың бастамашысы танымал фотограф, фотопублицист Асылхан Абдрайым бастаған республикалық «Фотоөнер» бірлестігі, қолдаушысы Нұрбақыт Молдахметұлы басқаратын аудан әкімдігі мен халқы. ФОТОСАПАРДЫҢ МАҚСАТЫ: Ауданда туризмді дамыту мақсатында өңірдің тарихи орындары мен көрікті жерлерін насихаттау […]