Алашқа «Асылханның фотосы» деген атпен қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газеті арқылы әйгілі болған фотограф, фотозамансөзгер Асылхан Абдырайымұлын факультетке жұмысқа шақырдым. Асылхан тілегімді қабылдады. «Ол оппозициялық басылымда ғой» деп тартыншақтағандарға Асылханның азаматтық ұстанымын, кәсіби шеберлігін және дәл сондай кадрлар дайындауымыз керектігін, журналистика факультетінде фотожурналистиканы қазақ тілінде оқыту қажеттігін айтып жатып өтінішімді өткізгенім қандай жақсы болған деп қуанамын […]
Алматы қаласында Полиграфия колледжінің ғимаратында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы (офлайн және онлайн) өтті. Шараның модераторы, белгілі өнертанушы ғалым, журналист Сағатбек Медеубекұлы болды. Күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды. Мәселен, жиналыста бірлестік жарғысына өзгерістер енгізу, құрылтайшылар санын реттеу, логотиптің жаңа нұсқасын талқылау, бірлестік серіктестерімен сұхбаттасу, «Сайлау Пернебав-85» жобасының жалғасын жүргізу (колледж студенттері арасындағы фотобайқау) және бірлестікке […]
16-наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен әлем таныған фотограф Фархат Құрметұлы Қабдықайыровтың шеберлік сағаты өтті. Сенбі күні болса да елу минутқа жоспарланған Фархат Қабдықайыровтың шеберлік дәрісі екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Журфактың ұстаздары, магистранттары мен студенттері және сырттан келген меймандар (фотографтар, басқа жоғары оқу орындарының студенттері) үшін қызық болған […]
Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады. Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген. – Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен […]
«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі жас фотосуретшілерді мүшелікке шақырады. Шешім 2024 жылдың 16-наурызы күні сағат 15:00-де өтетін жалпы жиналыста қабылданады. Байланыс телефоны: + 7 705 571 41 24 www.photooner.kz
Түркістан облысы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде тіл мектебі және әлеуметтік даму бөлімінің ұйымдастыруымен фотограф Нахып Шинтемировтың фотокөрмесі өтті. Басты мақсат – «Түркістан қаласы — түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» аясында туризм саласын фото арқылы насихаттау. Нахып Шинтемиров – Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фототарихын жасаушы, өңірге […]
Осы күні «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспар бақылау атыс дайындығын тапсырды. Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. Жеке құрам нысананы […]
Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің алаңында Canon кәсіби кинокамераларының тұсаукесері өтті. Компания Canon EOS C70, Canon XF605, Canon EOS R5C, Canon EOS C500 Mark II модельдерін және кинематографияның жоғары қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, сондай-ақ Голливудтың жетекші кинорежиссерлері мен бейнеоператорларының сеніміне ие болған басқа да камераларды ұсынды. Бұл туралы Canon CEE GmbH […]
Аспанұлы Күлтегін, филолог Қазіргі қазақ фотоөнерінің жас өкілі Әйгерім Бегімбеттің көркемдік әлеміне бойлап көреміз. Қазіргі қазақ ауылының қоңыр тұрмысы мен ондағы халықтың боямасыз өмірі – фотограф көзімен Фотоөнер – өмір Аристотель гипотезасын негіздеп, Леонардо до Винчи құрылымын жасаған обскур камерасын 1800 жылы британдық Гэмфри Дэви мен Томас Веджвудттардың тәжірибелік жетілдіруінен соң фотография саласы […]
Фотожурналистика Қазақстандағы кейіннен пайда болған жас өнердің бірі. Сондықтан да фотожурналистиканың қырсырын ашу, оның жанрларын ажырату, жаңа жаңалықтарын жария ету, жур налистика саласымен бірге да муындағы ерекшеліктері менұқсастықтары секілді мәселелерді қарастыру әлі де өзекті болып қала бермек. Баспасөз беттерінде жарияланып жататын суреттердің тарихы да, айтар ойы да, көздеген мақсаты әр түрлі болып келеді. Фотоның баспасөз […]