ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты фотокөрме өтеді

 ҚазҰУ-да «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты фотокөрме өтеді

2021 жылдың  9-желтоқсаны  сағат 11.00-де, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Әл-Фараби кітапханасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты  фотокөрме өтеді.

Көрменің мақсаты – егемен ел ретiндегi отыз жыл уақыт аралығындағы объектив нысанына iлiнген мемлекеттiк, қоғамдық, саяси, мәдени және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды ел назарына ұсыну, келер ұрпақты отансүйгіштікке баулу.

Аталмыш көрме 2 бөлімнен тұрады:

1-ші бөлім: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап орын алған, ірі оқиғалар мен сәттер.

2-ші бөлім:  Университет тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы айтулы жетістіктер мен студенттердің фототуындылары.

Жалпы саны 40 фотосурет   және ел шежіресіне арналған фотоальбомдар («ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ», «ҒАСЫРДЫҢ КӨЗІ», «ҚАЗАҚ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ», «АҚ ПЕН ҚАРА»).

Сонымен қатар, көрме аясында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың университетке арнайы келіп, жаңадан салынып жатқан оқу орнының жағдайымен танысқан. Сол жылдары университет ректоры болған Ө.А.Жолдасбеков Бірінші хатшыны университет ғимараттарының макетімен таныстырып тұрған тарихи фотосуреттердің авторы, ардагер-фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының «Суреттерде жартығасырлық шежіре» және «Өмірім мен өнерім» фотокітаптарының тұсаукесері өтеді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Журналистика факультеті

+77272211492, Ұялы тел.: +77772162781

 

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *