Еarth.Org фотоконкурсы жарияланды
![Еarth.Org фотоконкурсы жарияланды](https://photooner.kz/wp-content/uploads/2020/09/e7038d497242f640fe90a8df66331cd5-700x328-1.jpg)
Earth.Org халықаралық фотобайқауы жарияланды. Мерзімі 4 сәуір, 2021 ж. Ұйымдастырушы: Earth.Org, экологиялық коммерциялық емес талдау орталығы (Гонконг).
Байқауға кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Фотосуреттер төмендегідей номинациялар бойынша қабылданады:
• Ең жақсы қоршаған орта суреті
• Жабайы табиғатқа қауіп төніп тұр
• Адамның қоршаған ортаға әсері
Қатысушылар әр санатқа JPG немесе PNG форматында көлемі 25 МБ дейін 3 фотосурет жібере алады. Әр фотосуретте санат атауы болуы керек, мысалы, best_overall_image_1 немесе wildllife_in_peril_image_1. Жұмыстар байқау веб-сайты арқылы ұсынылады. Жүлделер:
«Үздік экологиялық фотосуреттер» номинациясының жеңімпазы 1000 доллар алады.
«Жабайы табиғатқа қауіп төніп тұр» және «Адамның қоршаған ортаға әсері» екі номинациясы бойынша жеңімпаздар әрқайсысына 250 доллардан алады.
Сайыстың веб-сайты: https://earth.org/global-photography-competition/
Мәтінді қазақшаға аударған-Бақдәулет Әбдуәлі