ЕРНҰР МАНАПХАНҰЛЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

 ЕРНҰР МАНАПХАНҰЛЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Белгілі фотосуретші, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ернұр Манапханұлы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шақыртуымен 30 маусым мен 20 шілде аралығында Өзбекстандағы фотосапарға барып қайтты.
Айтулы шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Тува, Балқар және Мажарстаннан 21 фотосуретші қатысты.
Түркі әлемі фотосуретшілерінің өзбек жерінде бас қосуының негізгі мақсаты — Өзбекстанның танымал саяхат орындары мен халқының тұрмыс-тіршілігін фото көзімен көру және фотоға түсіру болды.
Фотосапар аясында фотографтар Ташкент, Бұқара, Ферғана, Қоқан, Самарқан, Гелен, Нүкіс, Науаи және Хиуа қалаларын аралап, 17 шілдеде Ташкентке оралып, 19 шілдедегі халықаралық фотокөрмеге жұмыстарын ұсынды.
Өзбекстан республикалық фотосараптау тобы әрбір автордан жолданған фототуындыларды саралап шыққан соң, әр фотосуретшіден 5-6 туындыны таңдап алып көрмеге қойды. Қазақстан атынан қатысқан Ернұр Манапханұлының 6 фототуындысы көрмеге қойылды.
Тағылымы мол, шығармашыл жандар бас қосқан шара соңында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мырза фотограф Ернұр Манапханұлын Өзбекстан Республикасы Мәдениет және саяхат министірлігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Кәсіптесіміз Ернұрды аталған жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *