Президент Пернебаевтар әулетіне құттықтау хат жолдады

 Президент Пернебаевтар әулетіне құттықтау хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пернебаевтар әулетіне құттықтау хатын жолдады,- деп хабарлайды Photooner.kz тілшісі. 

«Еліміздегі фотоөнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Сайлау Пернебаевтың мол мұрасы негізінде әзірленген «Ақ пен қара» фотокітабының жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын!

Әйгілі фотожурналистің еселі еңбегін кейінгі буын жастардың танып-білуі аса маңызды. Тарихи сәттер бейнеленген фотокітаптың сала мамандарына ғана емес қарапайым әрбір оқырманның көңілінен шығатынына кәміл сенемін.

Пернебаевтар отбасына алғыс айтамын. Әрбі бастамаларыңызға табыс, әулеттеріңізге бақ-береке тілеймін!»,-делінген хатта.

Фото: Ақорда

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *