Жауынгерлік дайындық

 Жауынгерлік дайындық

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік оқу кезеңі бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруден басталды. Әскери қызметшілер полигонға шығып, жауынгерлік дайындықты жетілдіру үшін оқу сыныптары мен тренажерларда сабақтар өткізетін болады. Биыл әскери бөлімдерде жауынгерлік оқудың негізгі басымдығы әскери қызметшілердің барлық санаттарының кәсіптік даярлық деңгейін одан әрі арттыру болады. Сондай-ақ, әскери бөлімдерде мамандық бойынша дайындық өтеді. Ол оқу кезеңінің басында өткізіліп, әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Жауынгерлік дайындық пәндері бойынша сабақтар басталар алдында жеке құрам қауіпсіздік іс-шараларын ұйымдастырады. Сабақты өткізуде бөлімшелердің белгіленген уақытта қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігін бағалау, әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлікке келтіру кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру мақсаты көзделген.


Суреттерді түсірген — Думан Жұмашұлы

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *