Photooner.kz сайты жұмысын қайта бастады

 Photooner.kz сайты жұмысын қайта бастады

Армысыздар ағайын, еліміздің фотосүйер қауымы!

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің құрылу мақсаты:  Қазақстандағы фотография саласын дамыту болып табылады. Сондықтан қайта техникалық жөндеуден өткен photooner.kz сайты жаңа айдарларымен қауышып отыр. Мысалы, «Фотоқазына» айдарында «Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері», «Қазақ фотошежірешілері» және «Ғасырдың көзі» атты фотоэнциклопедияларының  тарихи суреттерін ұсынады. Ал, «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша әртүрлі фотожанрлардың қыр-сырымен танысуға болады. Сонымен қатар оларды іс-жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы шеберлік сабақтары арқылы  үйренуге мүмкіндік бар. Бұл тұрғыда «Шеберлік сағаты» айдары бір бірін толықтырады.

«Фотоөнер кітапханасы» айдары болса, сіздерге фотоальбомдар,оқулықтар,магистрлік,бакалавр дипломдық жұмыстарымен танысып, болашақта ғылыми зертеулер жүргізіп,докторлық диссертациялар жазуға жол ашады. Авторлық құқық пен кәсіби әдепті біле жүру де,көптеген келеңсіздіктерден сізді қорғайтыны сөзсіз. Ақпараттар ағымындағы маңызды фотожаңалықтар, жаңа фототехникалар, фотобәйгелермен дер кезінде, құлағдар болып отыру — заман талабы.

Бүгінгі күні, еліміздегі жалғыз ғана фотография саласындағы қазақ тілді қоғамдық бірлестіктің сайты болғандықтан сіздердің жанашырлық танытып,саналы да сапалы, мәнді де мағыналы дүниелер жариялануына,бізбен  бірге атсалысуларыңызды сұраймын.

       Құрметпен,  Асылхан Әбдірайымұлы,

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Оқи отырыңыз!

1 Comment

    Аватар
  • Алла жар болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *