Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсауы кесілді

 Алматыда «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсауы кесілді

Алматыда «Атакент» көрме орталығында «Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедияның тұсаукесері өтті.   

Шара «Ұлы Жібек жолымен» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі аясында арнайы фотокөрмемен бірге ұйымдастырылды.

Тұсаукесер рәсімін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Дарын» баспасы ұйымдастырды.

Айтулы шараға кітаптың құрастырушылары «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Дәурен Мақсұтханұлы бастаған қазақстандық фотоөнер мамандары қатысты.

Энциклопедияға енген фотографтардың бір-бір шығармасы аталған көрмеге қойылды.

Кітап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған. Ғылыми кеңес төрағасы Нұржан Қуантайұлы. Еңбекке филология ғылымының докторы, профессор К. Қамзин мен ҚР Дизайнерлер одағының төрағасы, пед.ғыл.канд. Қ.Көшеновтер пікір жазған.

Кітаптың редакция алқасы КСРО және Халықаралық Журналистер одағының мүшесі, кәсіби фотограф Қалиғұмар Қабдешұлы, Қазақ журналистикасының қайраткері, Халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері, кәсіби фототілші Нұрманбет Қизатұлы, Еуразиялық және Қазақстандық Дизайнерлер Одақтарының мүшесі, суретші-дизайне, баспагер, ұстаз Бейсен Серікбай.

Кітап «Дарын» баспасынан 407 бет көлемінде 500 данамен жарық көрді.

Кітап мұқабасының дизайнын жасаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы «Дизайн» мамандығының 3 курс студенті Ұлбосын Жарылқасынова. Жетекшісі-аға оқытушы Дәурен Мұхамеджанов.

«Қазақ фотошежірешілері ІІІ: тарих, дерек, өнер» фотоэнциклопедиясында қоғам санасын фото арқылы мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұраға, эстетикалық талаптарға жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығы және ұлттық фотоөнер тарихы жан-жақты баяндалады.

Кітап журналистика факультетінің студенттеріне, фотография саласын зерттеушілерге және көпшілік оқырманға арналған.

Фотоэнциколпедияда алғашқы қазақ фотоөнерінің өкілі Шәңгерей Бөкеевтен бастап, Қалиғұмар Қабдешұлы, Сабыржан Құсайынов, Есімхан Орынбаев, Асылхан Жүсіптегі, Фархад Қабдықайыров, Серік Мұқышұлы, Марат Жүнісбеков, Оңғарбек Алхаров, Жеңіс Ысқабай, Тілеубек Шаяхмет, Ерлан Омаров, Думан Құрманғалиев, Бауыржан Жуасбаев, Мақсат Шағырбай, Әйгерім Бегімбет, Досжан Балабекұлы, Мейірбек Тажкурановтың шығармашылықтары берілген. Ал кітаптың екінші тарауы Фотоөнер және ғылым деп аталса, үшінші тарауы «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жобаларына арналған.

Кітап тұсаускерінің соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры А.Қойтанов Қазақстанның кітап және полиграфия саласының жаңа заманда жаңаша дамуына, заманауи технологияны қолдана отырып кітап өндірісіндегі елеулі бағыт-фотоэнциклопедияның қалыптасып, қарыштап дамуына, сонымен қатар фотоөнер арқылы еліміздің шежірелі тарихын келер ұрпаққа жеткізуге елеулі үлесі үшін бірқатар фотоөнер мамандарын марапаттады.

Жанель БҮРКІТБАЙ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Философия кафедрасының 3-курс студенті

Суреттерді түсірген автор

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *