Көктен түсірілген Кеген жерінің фотосуреттері

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Түркістандағы мүшесі Серікболсын Шері киелі мекен Кеген жеріне ұйымдастырылған сапар барысында әуеден фототүсірілімдер жасады, — деп хабарлайды photooner.kz. Серікболсынның дрон фотографиясында тәжірибесі мол. Осыған дейін республикалық «Тұран» телеарнасында кәсіби дрон түсірілімдерін жасаған. Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде кәсіби еңбек жолын жалғастырып жатыр. Осы жолы бірлестіктің Алматы облысы Кеген ауданына […]

«Фотоөнердің» Қарқарадағы сапары

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері кереге таулы киелі Кеген жеріне барып қайтты, — деп хабарлайды photooner.kz. Фотоэкспедицияға бірлестік құрылтайшысы Сағатбек Медеубекұлы, бірлестік президентінің міндетін атқарушы Досжан Балабекұлы бастаған Нахып Шынтеміров, Мақсат Шағырбай (Түркістан облысы), Серікболсын Шері (Түркістан), Қуанышбек Қари (Алматы), Дәурен Ермекбай (Алматы облысы) қатысты. Сапар қатысушыларын Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бастаған аудан әкімшілігі қызметкерлері […]

Бала — болашағымыз, бала — қуанышымыз

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери госпиталі аумағында әскери қызметшілердің балаларына арналған мерекелік отбасы күні өтті.  Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Іс-шара шақырылған аниматорлардың қатысуымен жылы және қуанышты жағдайда өтті, олар белсенді ойындар, байқаулар, би флешмобтары және балаларға арналған интерактивті ойын-сауық ұйымдастырды. Көңілді кейіпкерлер балаларды белсенді тапсырмаларға қатыстырып, командалық рухты қолдап, оларға жарқын эмоциялар сыйлады. Кішкентай қонақтар үшін […]

Принтмедиа технологиялар колледжінің студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады

Алматыда Принтмедиа технологиялар колледжінің 19 студенті «Фотограф» біліктілігі бойынша дипломдық жұмыстарын қорғады. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Қорғау жұмыстарында комиссия төрағасы, “DTM-Print” ЖК директоры  М.Т. Дүйсебеков, комиссия төрағасының орынбасары Е.Д. Калиниченко,  басуға дейінгі процесстер бөлімінің меңгерушісі А.Е. Сулейжан, фотографиядан арнайы пән оқытушысы және диплом жетекшісі О.Е. Алхаров, өндірістік оқыту шебері А.А. Көптлеу, фотопублицист А. Әбдірайымұлы қатысып, […]

Мың рет естігенше бір рет көр немесе Асы жайлауына жасалған

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ең танымал жайлау – Асыға екі күндік арнайы фотоэкспедиция жасалды, — деп хабарлайды photooner.kz. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі жыл сайын көктем-жаз мезгілдерінде еліміздің ең көрікті жерлеріне арнайы фотоэкспедиция ұйымдастырып тұрады. Бұл жолы да дәстүрден жаңылмай «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі президентінің міндетін уақытша атқарушы Досжан Балабекұлы бас болып, бірлестік мүшелері — Қуанышбек Қари, Дәурен […]

«Фотоөнердің» жарты жылдықтағы жалпы жиналысы өтті

29.05.2025 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетіндегі «Фотоөнер» білім беру және зерттеу орталығында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің жарты жылдықтағы жалпы жиналысы өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Жиналысқа Асылхан Әбдірайым бастаған бірлестіктің Алматыдағы мүшелері мен арнайы келген қонақтар оффлайн қатысса, Қалиғұмар Қабдешұлы мен Оңғарбек Алхаров (Алматы қаласы), Шүкір Шахай мен Бауыржан Жуасбаев (Астана қаласы), Нақып Шынтемір мен […]

Алматыда «Қыран» ұлттық аңшылық орталығы ашылды

Бүгін, яғни 04.06.2025 ж. Алматыда «Қыран» ұлттық аңшылық орталығының ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды photooner.kz. Алматы қаласының әсем жерінде, дәлірек айтсақ Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 412 мекен-жайында орналасқан «Қыран» ұлттық аңшылық орталығының ашылуына осы ерекше ұлттық құндылығымызға жанашыр жандармен қатар, «Abai TV», «Хабар» агенттігі сынды телеарналармен қатар басқа да БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты […]

Орталық Азияның тарихи географиясы ғалымдардың басын қосты

3 маусымда Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен «Орталық Азияның тарихи географиясы: уақыт, кеңістік, жады» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференция өткізді, — деп хабарлайды photooner.kz. Бұл халықаралық ғылыми іс-шара  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырып отырған «Орталық Азияның тарихи географиясы» атты іргелі ғылыми […]

Досжан Балабекұлы «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің президенті міндетін уақытша атқарушы болып

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің кезекті жалпы жиналысында Досжан Балабекұлы «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің президенті міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы photooner.kz хабарлайды. Фото: Айым Бахыбек

«Ауыл нақыштары» республикалық фотобайқауына жұмыстарды қабылдау жалғасып жатыр

«Ауыл нақыштары» — «Ауыл» партиясының қалың көпшілікке арналған, ел өмірінің тыныс-тіршілігін, ауыл азаматтарының ажарын айшықтайтын жарқын жобаларының бірі. Бұл туралы photooner.kz сайты Ауыл партиясына сілтеме жасап хабарлайды.  Бұл ашық байқау еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіби және әуесқой фотосуретшілерге арналған. Фотобайқаудың мақсаты – фотосуреттер арқылы ауыл мәдениетін насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлер мен туған табиғаттың түрлі көріністерін айшықтау. Міндеті: […]