Фотография: Экспозиция негіздері

 Фотография: Экспозиция негіздері

Әр кадр үшін белгілі мөлшерде жарық (экспозиция) керек. Фотоаппаратта жарық ағымын реттеу үшін үш мүмкіншілік бар. Олар: диафрагма, ұсталым және сезімталдық деңгейі (чувствительность).  Сезімталдық тек қалқамен (диафрагма)  ұсталымды (выдержка) өзгертуге мүмкіндік жоқ кезеңде ғана қолданылады. Қалқа (диафрагма)  бен сәулелеу уақыты өте тиімді көркемдік құралдар қолдануға оңай болуы үшін алдымен бұлар не екенін біліп алайық.

Қалқа (диафрагма) (грекше, diaphragma – қалқа. Ағылшынша aperture — апертура). Әйнеккөздің (объективтің) линзаларының аралығында орналасқан қалқа. Әдетте, желпуіш сияқты жапырақшалар жиынтығынан құралады да, жарық, сәуле өтуін қалқалап, мөлшерлеп тұрады.

Толық ашық

Жартылай ашық

Толық жабық

Қарапайым түсінікпен терезені алсақ, терезе қаншама үлкен ашылған сайын, жарық сәуле соншама көп өтеді. Диафрагма f/2,8 не f.2,8 сандарымен белгіленеді. Көрсетілген сан қаншама кіші болған сайын, саңылау соншама үлкен, ашық болады.

Толық ашылған диафрагма анықтық тереңдігін (глубина резкости) өте аз береді (артқы жақтары бұлыңғырлау). Үлкен анықтау тереңдікті алу үшін диафрагма саны f.8-ден жоғары болуы керек.

Диафрагманы жапқан сайын (сандық фотоаппарат) матрицадағы бүкіл шаң-тозаң көрінеді.

Әйнеккөздің (объективтің) жақтауында диафрагманы қозғалтуға арналған сақина немесе кішкене тартпа (рычаг) бар. Бұл жапырақшаларды ашу немесе жабу арқылы жарық сәуле өткізу саңылауының шамасын реттейді.

Қолайлы болуы үшін әйнеккөздің (объективтің) жақтауында диафрагмалық сандар өлшемі жазылған.

Диафрагма механизмі фотожапқыны (затвор) босату тетігін басқан кезде ғана жұмыс істейді, тетігін басқан соң жарық сәуле өткізу саңылауы жапқы жұмыс істер кезде ғана секірмелі түрде кішірейеді. Мұндай диафрагмалар «секірмелі» диафрагмалар деп аталады. Бұлар суретке түсіру нысанасын салыстырмалы саңылау барынша үлкен кезде, яғни суретке түсірілмекші нысанның кескінін айналы кескін іздегіштің барынша жарықтанып тұрған кезінде фокустауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде, әйнеккөздің фокусталу дәлдігі артады (1).

Ұсталым (фотоаппараттың түсіру уақыты. выдержка). Суретке түсіру сәтінде ауа райына, жарыққа байланысты жапқыштың (затвор) ашылу сәтіндегі қойылатын уақыт дәлдігі. Уақыт дәлдігі фотоматериалды не матрицаның көлеміне қарай пайдаланғанда қойылады. Фотоқағазды пайдаланғанда да жарық күшінің уақыты дәл қойылуы керек және терезені алар болсақ, терезе қаншама ұзақ ашылған сайын соншама жарық көп өтеді.

Ұсталым (выдержка) әрқашан секунд және миллисекундпен өлшенеді. Белгіленуі 1/200, ал камерада тек қана 200 көрсетіледі. Егерде Ұсталым секундтан ұзағырақ болса белгіленуі «Z» яғни 2 секунд.

Өте қысқа ұсталымдар жылдам қозғалыс кезінде (спорт, көлік, т.б.) қолданылады. Ал ұсталым 1/30 төмен болған жағдайда не штативке қойып, не жарқылдақпен (вспышка) түсіру керек.

Бұрындары ұсталым мен диафрагманы анықтау үшін экспонометрлер қолданылған. Бүгіндері олар кез келген фотоаппараттың ішіне орнатылған және ол жерде диафрагма не ұсталымның артықшылығы таңдалынады. Мысалы, қозғалысты түсіргіңіз келсе ұсталымның артықшылығына қойсаңыз,  соған сәйкес диафрагманы автоматты түрде табады.

Сезімталдық (чувствительность ISO). Сезімталдық – бұл таза техникалық түсінік, матрица не пленканың жарыққа сезімталдығын белгілейді. Мысалы, күнге  қыздырынып жүрген шомылушыларды алсақ, терілері сезімталдар күнге тез күйеді, яғни оған аз жарық, сәуле қажет, ал басқа біреулерге көбірек қажет.

Сезімталдық – тікелей шудың санына байланысты. ISO көп болған сайын шулар да көп болады, ал пленкаларда дақтар (зерно) ISO 100 болғанда матрицадан сигналдар оңай алып тасталынады, ал 200-де 2 есе, солай өсе береді. Кез келген өсімде шулар, сыртқы әсерлер көбейеді. ISO 600-ден асқанда барлық камераларда қатты шу болады, сапалы сурет алу үшін шуды басатын (шумоподавление) бағдарламаға қою керек (2).

Түсірілім параметрлері

Автоматты режим

Кез-келген класстағы сандық фотоаппараттарда автоматты режим бар. Әдетте ол камера қосылған сәттен қолданыста болады. Мұндай режим «бағыттау-түсіру» стилінде түсіретін әуесқойларға мінсіз жарайды.

Автоматты режим қосылып тұрған кездегі фотограф әрекеті кадрды тұтастыру және түсірілім батырмасын басумен шектеледі. Әдетте, қарапайым түсірілім шарттарында, фото сапасына өте жоғары талап қойылмаса, 10*15 форматы үшін автоматты түсірілім көп әуесқойлардың сұранысын қанағаттандырады.

Әдетте, түсірілім режимін атаулы басты дөңгелек көмегімен таңдайды.  Режимдер пиктограммалармен, әріптермен және жазулармен белгіленеді. Мысалға, автоматты режим- Auto сөзімен, қол режимі –М (Manual) әрпімен.

Шартты түрде, сюжетті  режим сценариі формасын өндіруші анықтап шығаратын пиктограммалармен белгіленеді.

Cюжетті  режимдер

Бастапқы деңгейдегі және классикалық шағын фотокамера модельдерін өндірушілер толық мәнде алдын-ала қойылған параметрлерді типті  түсірілім шарттары үшін  қолдануға тырысады. Әдетте, мұндай параметрлер камераның дерекқорында (база данных) салынған және түсірілімнің сюжетті-сценарийлі  тобын құрайды.

Түсірілімнің ең көп таралған сюжетті режимдері:

Макро

Портрет

Спорт

Пейзаж

Түнгі түсірілім

Түнгі портрет

МАКРО— шағын қашықтықтан түсірілім режимі. << Макро>>  режимінде объектив әдетте линзаларды мейлінше үлкендету қалпына келтіреді.  Ашықтықты (резкость) түсірілім нысанына дейін дистанцияны өзгертумен реттейді.

ПОРТРЕТ-біраз көмескі фон арқылы адамның тері реңктерін жайлы, жұмсақ күйде оңтайландыру. Портреттердің көбісі фокустың үлкен қашықтығында және ашықтық (резкость) тереңдігінің аз жағдайында жақсы түсіріледі.

СПОРТ- әрекеттері тез әрі жылдам нысандарды түсіру мақсатына икемдеу. Минималды ұсталым(выдержка), ашық диафрагма, көп жағдайда бақылаушы автофокус қолданылады

ПЕЙЗАЖ-айқын, қанық пейзаж түсірілімдерін алу үшін оңтайланатын режим. Ашықтық тереңдігі жоғары.  Далада, жарық мөлшері жоғары жағдайда түсіру кезінде осы режимді қолданған дұрыс.

ТҮНГІ ТҮСІРІЛІМ— камера параметрлері жарықтың аздығына оңтайланған. Экспозамер және автофокус жүйелері қате мәлімет беруі мүмкін және бақылауды қажет етеді. Жарқыл (вспышка) автоматты түрде жұмыс істейді. Жарқыл өшіп тұрған жағдайда автоматты режимге мейлінше мүмкін сезімталдылық қойылады. Созылмалы выдержка.

ТҮНГІ ПОРТРЕТ- түнгі уақытта,  адамдардың портреттерін терең анықтық деңгейімен, фонның бөлшектерін жақсы анықтау үшін фотокамераның икемделуі.  Бұл режимде жарқыл жұмыс істемейтіндіктен, экспозиция уақыты созылмалы болуы мүмкін, сондықтан штатив қолдану ұсынылады. Егер жарқыл толықтырмалы режимге орнатылса, жарқыл мен фон экспозициясы автоматты түрде теңгерімде болады. Жарқыл қосылған соң  кадрдағы адамдар қимылдасын деп сұраңыз, себебі затвор фонды анықтау үшін ашық болып тұрады.

Бағдарламалық режим(P)- бағдарламалық режимде экспозицияны автоматты есептеу функциясы сақталады(әдетте басты дөңгелекте Р әрпімен белгіленеді). Автоматты режимнен айырмашылығы- жарық параметрлерін, ақтық балансты, матрица сезімталдылығын фокусировка тәсілімен басқаруға мүмкіндік туады.

Ұсталым басымдылығы(Tv)- ұсталым басымдылығы режимі әдетте орта класстағы шағын камераларында және, әрине, қымбатырақ құрылғыларда бар болады. Бұл режимде ұсталымды өз бетінше, колмен реттеуге болады. Камера автоматты түрде диафрагманы оңтайлы  анықталған экспозицияға сәйкес белгілейді.

Диафрагма басымдылығы(Av)-экспозиция автоматты есептелген жағдайда, диафрагманы қолмен басқару, белгілі шекте, анық белгіленен кеңістіктің тереңдігін экспозиция дұрыстығына күмәнданбай  өзгертуге мүмкіндік береді.

Қолдық режим(М)-ұсталым мен диафрагманы қолмен басқару, яғни экспозицияны қолмен реттеу шағын және жоғарырақ класстағы камераларда ескерілген. Әдетте, мұндай режимге  ауыстырған жағдайда камераның индикаторлары барлық тәсілмен (қызыл түстердің жанып-өшуі) автоматиканың түсірілім нәтижесіне жауапкершілік алмайтындығын көрсетеді.

Қолдық ұсталым(B)- қолдық ұсталым режимінде, саусақ түсірілім батырмасын ұстап тұрғанша, затвор ашық болады. Шағын камера топтарында қол ұсталымы 15-30 секундпен шектелсе, кәсіби камераларда  ұсталымды бір жарым сағатқа дейін орнатуға мүмкіндік бар.

Экспозицияны блоктау(C) – кейбір сандық камераларда экспозицияны блоктау функциясы  ескерілген. Автоматика экспозицияны қарапайым режимде анықтайды, ал фотограф болса есептеп шығарылған мәнді сақтап қалуға және блокталған экспозицимен бірге жарықтың мүлде басқа жағдайларында түсіру мүмкіндігіне ие. Осылайша, көлеңкелері дұрыс анықталған кадрларды  алуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Диафрагма дегеніміз не?

2.Ұсталымның анықтамасы

3.Сезімталдықтың анықтамасы

4.Фотоаппараттың  жарық ағымын реттеу үшін не қолданылады?

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Панфилова Н. Д. и Фомина А. А. М.: Искусство фотографии, 1985. 365с.
  2. Тілекметов Б., Жидебаев Ә. Фотосурет түсіруді үйрен. Алматы, 1962.
  3. Лэнгфорд М. Теория и практика фотографии, формат chm М,:2004.

 

P.S. Материал Асылхан Әбдірайымнның «Фотожурналистика»

оқу құралының мәтіні негізінде дайындалған. 

Барлық құқықтар қорғалған. photooner.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

 

 

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *