Жетінші «ChinaBase MOMENT 2020» мобильді фотобайқауы басталды

 Жетінші «ChinaBase MOMENT 2020» мобильді фотобайқауы басталды

Жетінші «ChinaBase MOMENT»мобильді фотобайқауы қазір қызу жүріп жатыр. Бұл сайыс жаз бойы өткізіледі. Қатысушылар өздерінің мобильді телефондарына түсірген сәтті кадрларын ұсынады. Бір жеңімпаз көпшілік таңдауымен, ал екінші жеңімпаз кәсіби фотографтар немесе басқа да өнер түрлерімен айналысатын халықаралық қазылар алқасының таңдауымен анықталады. Жүлдеге ақшалай сыйлықтар тігіледі. Кейін Шанхайдағы Sino Art Space өнер галереясында қазылар алқасы таңдаған туындылармен «MOMENT» фотокөрмесі өтеді.

Жүлде қоры:

Бірінші жеңімпазға: 8400 юань/1 200 АҚШ доллары.
Екінші жеңімпазға: 2450 юань/350 АҚШ доллары.
Таңдалған фотосуреттер Sino Art Space өнер галереясында 2020 жылдың 19 қыркүйек пен 31 қазан айлары аралығында қойылады.

«CB MOMENT» фотобайқауы дегеніміз не?
Жыл сайын өтетін бұл байқау адамдарды өмірінде болып жатқан қуаныш пен бақытты сәттерін ұялы телефонға суретке түсіру арқылы естелік етіп қалдыруға үндейді. Байқау алғаш рет 2014 жылы бастау алғанда бірнеше жүздеген ғана өтінімдер келіп түскен болатын. Ал биыл біз бүкіл әлем бойынша жүздеген мың өтінімдер келіп түсетініне сенімдіміз. Фотобайқау CB Travel & Event компаниясымен ұйымдастырылған тағы бір бастамасы — Traveling Dream бағдарламасына қаражат жинауға көмектеседі.

Неліктен біз PHOTOCROWD.COM-да мобильді фотобайқау өткіземіз?
Біздің мобильді фотосуреттер байқауының 7-ші шығарылымында біз көптеген энтузиастар мен талантты фотографтардың назарын аудардық. Идея — әлемді біріктіру және әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген фотосуреттерге баға беру.
Photocrowd — барлық деңгейдегі фотографтардың ғаламдық қауымдастығы, сонымен қатар фотоконкурстарды өткізуге арналған алаң. Бұл фотографтар шабыт алатын және басқа да фотографтармен сөйлесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін жер.

•Бүгінге дейін 244 мың фотограф тіркелген.
•Әуесқой және жартылай кәсіби фотографтардың арасында тепе-теңдік сақталған.
•Қоғамдық сайыстар және Photo Award байқауының эксперттері оң баға берген. •Әмбебап платформа, оңай навигация, ыңғайлы тіркелу және жіберу.
•Айына 10 миллионға жуық қаралым.

Фотобайқау 1ші шілде күні өз жұмысын бастады. Бізді қолдау әрі байқауға қатысты қосымша маңызды ақпараттардан хабардар болу үшін әлеуметтік желіде бізбен бірге болыңыз!

Аударған-Бақдәулет Әбдуәлі

Оқи отырыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *